• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жеңіл атлетика

    Бұл қазақ жүгірмейтін болған ба?!

    Қандай ірі жарысқа барсам да оның 100 метрлік бәсекесіне бас сұқпай кеткен емеспін.  Өзім көрген Олимпиадаларымда тап солай.  Азия ойындарында тап солай.  Бірақ, …нәтиже де тап солай.  Ханчжоудағы 100 метрлік жарыстың финалында кім жүгірмеді…  Вьетнам қызы да, Таиланд қызы да, Индонезия қызы да, Бахрейн қызы да, Иран қызы да жүгірді  Тек қазақ қызы ғана жүгірген жоқ.  Тіпті, қазақстандық жеңіл атлет ...

    Read More »

    Біреуге қараған күнің құрысын…

    Азия ойындарындағы медалі ең көп спорт түрі — жеңіл атлетика.  Жалпы медальдар жиынтығы ең көп жарыс — жеңіл атлетика жарысы.  Біздің ел кешенді үлкен жарыстарда бұл мәселені үнемі есте ұстап жүретін.  Кешегі Токио Олимпиадасы мен бұл Ханчжоудағы XIX Азия ойындарында осы дәстүрден жаңылғандаймыз ба, қалай…  Біріншіден, Ханчжоуға небәрі 20-дай ғана жеңіл атлет әкелдік.  Есесіне, Е-спорт дей ме, аты-жөні белгісіз бір спорт түрінен 30-ға ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Таиландтың астанасы — Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құрамагың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр). Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді. ...

    Read More »

    Ольга Рыпакованың қызы Азия чемпионатының қола жүлдесін алды

    Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Рыпакова  жасөспірімдер арасында Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алды. Ол ұзындыққа секіруден фаворит болып, 5,9 метрге секірді.  Бұған дейін Рыпакова Қазақстан чемпионатында 6,21 метрге қарғыса, қыста 6,25 метр көрсеткіш тіркеген. Алайда Азия чемпионатында бұл нәтижелерін қайталай алмады. Азия чемпионатының алтын жүлдесін қытайлық жеңіл атлет Хуан Иньинь жеңіп алды. ...

    Read More »

    Жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті

    Қазақстан азаматтығын алған жеңілатлет Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілікті. Mozzartsport порталының хабарлауынша, жеңілатлет допинг қолданды деп айыпталып, жарыстарға қатысудан уақытша шеттетілді. Джеруто жеңіл атлетиканың допингке қарсы ережелеріне немесе адалдық кодексіне сәйкес өтетін тыңдауда соңғы шешім қабылданғанға дейін кез келген жарыстан уақытша шеттетіледі. Егер оның допинг қолданғаны расталса, ол әлем чемпионатының алтын жүлдесін қайтарып береді.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова карьерасын аяқтады (ВИДЕО)

    Олимпиада чемпионы әрі Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби карьерасын ресми түрде аяқтады. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, атақты спортшы бұл туралы Астанада жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Х Азия чемпионатында хабарлады. Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Элина Михина Азия чемпионы атанды

    Астана қаласында жеңіл атлетикадан өтіп жатқан  жабық кешендегі Х Азия чемпионатында тағы бір отандасымыз топ жарды. Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. 28 жастағы атлет бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті. Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.   Шамкен БАЙЫРБЕК, ФОТО: Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту ...

    Read More »

    Әлем чемпионы атанған Нора Джеруто қазақша мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

    Жеңіл атлетикадан әлем чемпионы Нора Джеруто барша қазақстандық жанкүйерлерге қазақша сәлем жолдап, көпшілікті Астанадағы Азия чемпионатына шақырды.  Әлем чемпионы атанған соң, Қазақстан атынан ресми жарыстарға қатыспаған Нора Астанада бақ сынайды. Осыған орай, ол жанкүйерлерге қазақша сөйледі. Аталған видео Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ресми парақшасында жарияланды. Сәлем! Мен — Нора. Қазақтың қара қызы. Кел, халқым, қолда, — деді еліміздің көк туын ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Кристина Овчинникова әлемдік додада жеңімпаз атанды

    Чехияда жеңіл атлетикадан өткен World Athletics Indoor Tour — Silver халықаралық турнирде Кристина Овчинникова жеңімпаз атанды. Ол турнирдің биіктікке секіру жарысында 1 м 90 см-ге секіріп, бас жүлдені жеңіп алды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Ресейлік әлем чемпионы жарысқа қатысу үшін өз елінен бас тартты

    110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден 2015 жылғы әлем чемпионы Сергей Шубенков бейтарап спортшы міртебесін алуға ниетті екенін айтты. Қазір  ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына тыйым салынған. Ал әлемдік додаларға қатысу үшін басқа елдің азаматтығын алу керек. Жарысқа қатысудың тағы бір жолы — бейтарап спортшы атану керек. Сонда ғана спортшы дүрмекті додаларға қатыса алады. Ресейлік спортшы да жарыстарға қатысу үшін бейтарап ...

    Read More »