• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жеңіл атлетика

    Konopacka Warsaw Classic: Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польшаның астанасы –Варшава қаласында өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды. Ол биіктікке секіруде қарсыласына 7 сантиметр жетпей, екінші болып қалды. Овчинникова 185 сантиметр биіктікке секірді. Бірінші орынды 192 см нәтижемен Украинаның спортшысы Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынды 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка иеленді. Бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда ...

    Read More »

    Анастасия Рыпакова — Korea Open Athletics Meeting турнирінің күміс медалисі!

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Ол ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды. Анастасия Рыпакова 5.92 метрге секірді. Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.  

    Read More »

    Жеңіл атлет Кристина Овчинникова Грекияда жеңіске жетті

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Грекияның Ханья қаласында өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Спортшы биіктікке секіру сайысында топ жарды. Овчинникова 190 сантиметр нәтижесін көрсетті. Отандасымыз Гумиде өткен Азия чемпионатында дәл осы көрсеткішпен бірінші орын алар еді. Алайда, ол жарысқа қатысушылар құрамына кірмеді, — делінген хабарламада. Екінші орынды жергілікті спортшы Татьяна Гкусин ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан төртінші орын алды

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты мәреге жетті. Бұл чемпионатта Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды. Алтын жүлдеге Нора Джеруто (3000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5000 метр) мен Дейзи Джепкемей (10000 метр) ие болды. Биіктікке секіруде күміс медальді Елизавета Матвеева иеленді. 20 шақырымдық спорттық жүрісте Ясмина Тоқсанбаева мен 3000 метр кедергілер арқылы жүгіруде Дейзи Джепкемей қола жүлдені қанағат ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Дейзи Джепкемей Азия чемпионы атанды

    Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиадалық комитет. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Дейзи Джепкемей көтерілді. Ол 10 000 метрге жүгіруден өткен финалдық сайыста жеңіске жетті. Спортшы қашықтықты 30 минут 48.44 секундта жүгіріп өтті. Екінші орынды жапониялық Ририка Хиронака (30:56.32), үшінші орынды тағы бір жапон спортшысы ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Ясмина Тоқсанбаева – қола жүлдегер!

    Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-орынға орналасты.  

    Read More »

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының жаңа президенті сайланды

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылды қорытындылау жиыны өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Оған жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, облыстық федерацияның басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты. Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмысы туралы есеп беріп, спорттағы бірқатар маңызды жетістіктерін атап өтті. Оның ішінде, халықаралық жарыстарда қазақстандық атлеттер көрсеткен жоғары ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

    Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады olympic.kz. Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Спорттық жүрістен алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды. Ерлер арасында Алматы қаласының тұрғыны Виталий Терехин жеңіске жетті. Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) чемпион атанды, Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау ...

    Read More »

    Олимпиадаға жеті-сегіз жолдама алатын мүмкіндік бар – Дмитрий Карпов

    Қазір жеңіл атлетикадан Қазақстан командасы Олимпиялық ойындарға екі жолдама бар. Бұл лицензияны марафоннан Жанна Мамажанова мен 3 000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден іріктеу нормативін орындаған Нора Джеруто алды. Бас жаттықтырушы Дмитрий Карповтың айтуынша, құраманың әлі Олимпиадаға жеті-сегіз жолдама алатын мүмкіндігі бар, деп хабарлады Olympic.kz.  30 сәуірде марафоннан іріктеу кезеңі аяқталып, Жанна Мамажанова Қазақстан рекордын жаңартты. Осыдан кейін ол Олимпиада жолдамасына ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан АЧ: Қазақстан тағы үш жүлде алды

    Жеңіл атлетикадан Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан спортшылары тағы үш медальді жеңіп алды, Olympic.kz Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдеге ие болса, Иван Сенин онсайыстан үшінші орынға табан тіреді. 400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола медаль иеленді. Бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден екінші ...

    Read More »