• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Konopacka Warsaw Classic: Кристина Овчинникова күміс жүлдегер атанды

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Овчинникова Польшаның астанасы –Варшава қаласында өткен Konopacka Warsaw Classic халықаралық турнирінде күміс жүлдегер атанды.

    Ол биіктікке секіруде қарсыласына 7 сантиметр жетпей, екінші болып қалды. Овчинникова 185 сантиметр биіктікке секірді. Бірінші орынды 192 см нәтижемен Украинаның спортшысы Юлия Левченко жеңіп алса, үшінші орынды 185 см көрсеткішпен польшалық Алисия Высоцка иеленді.

    Бұған дейін Кристина Овчинникова Грекияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *