• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Серік Теміржанов

    Боксшы Серік Теміржанов әлем чемпионатын жеңіспен бастады (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының 57 кг салмақтағы өкілі Серік Теміржанов жарысты жеңіспен бастады. Теміржанов 1/16 финалда Малидің спортшысы Абдул Карим Батилимен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте боксшымыз төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, тағы бір боксшымыз 1/8 финалға шықты. Серік Теміржанов 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының жүлдегері. ...

    Read More »

    Азия чемпионаты: екі боксшымыз жеңіп, біреуі жеңілді

    Бокстан ересектер арасында Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші күні шаршы алаңға үш боксшымыз көтеріліп, екеуі келесі кезеңге жолдама алса, біреуі жеңілді. Қазақстан ұлттық құрамасынан жарысты алғашқы болып 57 келі салмақта  Серік Теміржанов бастады. Ол Түркіменстан елінің өкілі Ихлас Гылычжановтан айласын асырып, келесі айналымға шықты.  Енді ол ширек финалда былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері иорданиялық Юсеф Иашашпен ...

    Read More »