Талдықорған қаласында Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен өткен «Арландар айқасы» Қазақстан чемпионатында Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияров алтын жүлдені жеңіп алды. Қаймен Есенаманұлы – күрестің бірнеше түрінен спорт шебері. Қазір ол жасы 50-ден асса да бозкілемнен шықпай, жыл сайын халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуды әдетке айналдырған. Осы белдесулерде Қайекең үнемі құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, жастарға ...
Read More »