Талдықорған қаласында Спорт ардагерлері арасында қазақ күресінен өткен «Арландар айқасы» Қазақстан чемпионатында Батыс Қазақстан облысы Қазақ күресі федерациясының президенті Қаймен Есендияров алтын жүлдені жеңіп алды.
Қаймен Есенаманұлы – күрестің бірнеше түрінен спорт шебері. Қазір ол жасы 50-ден асса да бозкілемнен шықпай, жыл сайын халықаралық, республикалық жарыстарға қатысуды әдетке айналдырған. Осы белдесулерде Қайекең үнемі құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп, жастарға үлгі-өнеге көрсетіп келеді.
Шыны керек, қазір елімізде жігіт ағалары арасында күш-қуатын тең ұстап, әлем чемпионаттары, халықаралық турнирлер мен жарыстарда ел намысын қорғап, жүлделерді жеңіп алып жатқан палуандар аса көп емес. Солардың бірі және бірегейі – білекті палуан, білікті маман, білімді басшы Қаймен Есендияров. Жеңіс тұғырынан көріне беріңіз, Қаймен аға!
Дастан КЕНЖАЛИН
АСТАНА