• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Тараз

    Сайыпқыран. Тараздық жас балуан – Қазақстан чемпионы

    Бүгін “Сайыпқыран” айдарын одан әрі жалғастырамыз. Оқырман назарына Тараз қаласының тумасы, жас спортшы Бақдәулет Ерболұлы Тұрсынбек туралы материалды ұсынуды жөн көріп отырмыз. Бақдәулет Тұрсынбек  — грек-рим күресінен жастар арасында үлкен жетістікке жетіп жүрген балуан.  Ол 2026 жылдың 24 ақпанында Астана қаласында өткен U-20 Қазақстан чемпионатында 77 келі салмақта алтын медаль жеңіп алып, ел чемпионы атанды. Балуан 2006 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. ...

    Read More »

    Бозкілемдегі бәсеке: Таразда таланттар танылды

    Тараз қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Он күнге созылған чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен келген 2 034 жас балуан қатысты, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Аталған дода жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ ұлттық құрама сапына үміткер балуандарды анықтауда маңызды жарыстардың бірі саналады. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан ...

    Read More »

    Таразда күрестен Қазақстан чемпионаты басталды

    Тараз қаласының «Тараз-Арена» спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен U15 және U23 жас санаттары арасындағы Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады Қазақстан күрес федерациясының баспасөз қызметі. Биылғы Қазақстан чемпионатына еліміздің түкпір-түкпірінен келген мыңнан астам жас балуан қатысуда. Бұл дода жасөспірімдер мен жастар үшін үлкен спортқа бастар маңызды белес саналады. Себебі, дәл осы жарыста топ жарған балуандар алдағы уақытта Азия ...

    Read More »

    Тараздан шыққан талант: Бекарыс Атыбектің жарыстарға дейінгі жолы

    Шаңғы қоссайысшысы   Бекарыс Атыбек елде өнер көрсетіп, құрмет тұғырының ең биік сатысынан көрініп жүрген талантты спортшы. Ол Финляндия, Норвегия, Польша мен Ресейде жалауы көтерілген жарыстарға қатысып, көзге түскен. Қазір Тараз қаласынан шыққан спортшы ұлттық құрама деңгейіне дейін көтеріліп, FIS және Continental Cup жарыстарына қатысып жүр. Бұл деңгейде Скандинавия мектептері мен қысқы спорт түрлерінің ең мықты өкілдері басымдыққа ие. Шаңғы қоссайысында ...

    Read More »

    Таразда заманауи футбол академиясы ашылады

    Қазақстан футбол федерациясы балалар-жасөспірімдер футболы инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа футбол академиясы Тараз қаласында орналасады. Аталған жоба ҚФФ-ның Жамбыл облысы әкімдігі мен Тимур Құлыбаевтың Halyk қоры арасындағы үшжақты меморандум аясында іске асырылуда, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 22 қарашада Жамбыл облысы Тараз қаласында жаңа футбол академиясының іргетасын қалау салтанаты болды. Жиынға ҚФФ бас хатшысы Давид Лория, Жамбыл облысының әкімі Ербол ...

    Read More »

    Таразда да бокстан әлем чемпионарына пәтердің кілті табыс етілді

    Таразда Өзбекстанда бокстан өткен әлем чемпионатының жүлдегерлері Асыланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовқа құрмет көрсетілді. Оларды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әлем чемпионатындағы жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ ол боксшылардың жеке жаттықтырушылары — Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен жаттықтырушы Ермек Ертаевтың сіңірген еңбектерінің зор екенін айтып, құрмет көрсетті. Кездесуде өңір басшысы боксшылардың ата-аналарына да алғыс айтып, әлем чемпионатының жүлдегері атанған перзенттеріне ...

    Read More »