17 жастағы Дамир Жалғасбай жұптық сында Испанияның Хатива қаласында өткен ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол латвиялық Артурс Загарспен бірге барлық ойынды жеңіспен аяқтады. Финалда Жалғасбай мен Загарс швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франкомен бас жүлдені сарапқа салып, қарсыластарын 6:2, 6:1 есебімен жеңді. Осылайша, Дамир Жалғасбай спорттық жолында ересектер арасындағы алғашқы титулын жеңіп алды. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: титул
Данияр Елеусінов титулынан айырылып қалуына менеджерлерін кінәлады
Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер өзінің карьерасын құртты деп санайды. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады. Қазір 31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істеп жатыр. Данияр Елеусінов кейінгі екі жылда бір-ақ рет жұдырықтасқан. Бірақ бұл чемпиондық жекпе-жек болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленіп, содан кейін оны қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айырылып ...
Read More »