• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Данияр Елеусінов титулынан айырылып қалуына менеджерлерін кінәлады

    Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов менеджерлер өзінің карьерасын құртты деп санайды. Бұл туралы meta-ratings.kz хабарлады.

    Қазір 31 жастағы спортшы әлемге әйгілі британдық бокс промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істеп жатыр.

    Данияр Елеусінов кейінгі екі жылда бір-ақ рет жұдырықтасқан. Бірақ бұл чемпиондық жекпе-жек болды. 2021 жылдың желтоқсанында ол IBO әлем чемпионатының белбеуін иеленіп, содан кейін оны қорғау жекпе-жегінің жоқтығына байланысты титулынан айырылып қалды.

    Бұған менеджерлерім кінәлі. Олар Эддимен жұмысты жалғастырудан бас тартты. Сосын мені жекпе-жексіз ұзақ ұстады, — деді боксшы.

    Ол өзінің кейінгі кездесуінде аргентиналық Хуан Эрнан Леаоны төрешілер шешімімен жеңген еді.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *