Бокстан Таиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасының бір өкілі жарысты аяқтады. Әйелдер арасында 54 келі салмақта бақ сынаған Ұлжан Сәрсенбек бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды. Ол америкалық қарсыласы Шер Мэй Патрисиоға есе жіберді. Осылайша, Ұлжан Сәрсенбек АҚШ чемпионынан жеңіліп, турнирдің 1/8 айналымына шыға алмады. Ұлжан Сәрсенбек Астанада өткен спаррингтік турнирде топ жарып, лицензиялық жарысқа қатысу құқығын иеленген ...
Read More »