• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Ұлттар лигасы

    Ұлттар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда анықталды

    Футболдан Ұлттар лигасы жарысының ширек финалына жолдама алған барлық құрама белгілі болды, деп хабарлады msports.kz сайты.  Топтық кезең нәтижесі бойынша Португалия, Хорватия, Франция, Италия, Германия, Нидерланд, Испания мен Дания құрамалары ширек финалға шықты. Плей-оффтың жеребе тарту рәсімі 22 қарашада Швейцарияның Ньон қаласында болады. Ширек финалдағы ойындар 2025 жылдың 20-23 наурыз аралығына жоспарланған. Жартылай финал 4-5 маусымда өтсе, үшінші орын мен ...

    Read More »

    Қазақстан Грекиямен матчқа құраманы жариялады

    Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Магомед Адиев Ұлттар лигасы плей-офф кезеңінің жартылай финалында Грекия командасымен болатын матчқа шақырылған ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Жалпы тізімге 33 футболшы енді. Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ордабасы»), Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Еркін Тапалов (бәрі – «Тобыл»), Марат ...

    Read More »

    Ұлттар лигасы: Грекия – Қазақстан матчының билеттері онлайн сатылымға шықты

    21 наурызда Афина қаласында футболдан Грекия мен Қазақстан ұлттық құрама командарының матчының билеттері онлайн сатылымға шықты. Бұл матч Ұлттар лигасының «Төрттік турнирі» деп аталып кеткен плей-офф кезеңінің аясында болады. Оған Қазақстан, Грекия, Грузия мен Люксембургтің командалары қатысып, Еуропа чемпионатына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. 21 наурызда Грекия мен Қазақстан жартылай финалда кездеседі. «Екінші жартылай финалда Грузия мен Люксембург ойнайды. Осы ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды. Алғашқы матч 6 қыркүйек өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды. 9 қыркүйекте Словения – Қазақстан, 10 қазанда Аустрия – Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан – Словения, 14 қарашада Қазақстан – Аустрия матчтары болады. Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт ...

    Read More »

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды  

    Францияның астанасы — Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті. Жеребе тарту рәсімінен бұрын ұлттық құрама төртінші қоржынға орналастырылды. Бұл қоржында Грузия, Түркия мен Люксембург командалары болды. Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жаңа маусымы қыркүйек айында басталып,  қарашада аяқталады. А лигасы Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия. ...

    Read More »

    Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. «Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова ...

    Read More »

    Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

    Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда Қазақстан командасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Футболдан әйелдер арасында Ұлттар лигасы өтеді

    Бүгін әйелдер құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс Олимпиялық ойындар мен Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу турнирі болып саналады. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Ұлттар лигасы алғаш рет 2025 жылы әйелдер арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі болып өткізіледі. Биылғы жылдың күзінен бастап ...

    Read More »