• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    championat.com

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстанның қарсыластары анықталды  

    Францияның астанасы — Париж қаласында футболдан 2024/25 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті.

    Жеребе тарту рәсімінен бұрын ұлттық құрама төртінші қоржынға орналастырылды. Бұл қоржында Грузия, Түркия мен Люксембург командалары болды.

    Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жаңа маусымы қыркүйек айында басталып,  қарашада аяқталады.

    А лигасы
    Бірінші топ: Хорватия, Португалия, Польша, Шотландия.
    Екінші топ: Италия, Бельгия, Франция, Израиль.
    Үшінші топ: Нидерланд, Мажарстан, Германия, Босния және Герцеговина.
    Төртінші топ: Испания, Дания, Швейцария, Сербия.

    В лигасы
    Бірінші топ: Чехия, Украина, Албания, Грузия.
    Екінші топ: Англия, Финляндия, Ирландия, Грекия.
    Үшінші топ: Аустрия, Норвегия, Словения, Қазақстан.
    Төртінші топ: Уэльс, Исландия, Черногория, Түркия.

    С лигасы
    Бірінші топ: Әзербайжан, Швеция, Словакия, Эстония
    Екінші топ: Румыния, Косово, Кипр, Литва/Гибралтар
    Үшінші топ: Люксембург, Болгария, Солтүстік Ирландия, Беларусь
    Төртінші топ: Армения, Фареры, Солтүстік Македония, Латвия

    D лигасы
    Бірінші топ: Литва/Гибралтар, Сан-Марино, Лихтенштейн.
    Екінші топ: Молдова, Мальта, Андорра.

    Топтық кезеңнің матчтары 5 қыркүйек пен 19 қараша аралығында болады.

    Ойын кестесі кейінірек жарияланады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *