• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан әйелдер құрамасы Ұлттар лигасын жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    «Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова төртінші голды салды.

    Қазақстан – Армения – 4:1 (1:0)

    Гол: Мясникова 40′, 58′, Гайстенова 48′, Құлмағамбетова 71′ – 68′ Портнова (а/г);

    Қазақстан: Портнова (қ), Низамутдинова, Құлмағамбетова, Гайстенова, Нұрышева, Қаражанова, Берікова, Мясникова (к), Совет, Тұрлыбекова, Власова;

    Қосалқы құрам: Хохлова (қ), Хайрулина, Айтымова, Лозукова, Мамырова, Садықова, Ізімбаева, Жұмабайқызы, Бурова, Сатығалиева, Алданазар;

    Бас жаттықтырушы: Мадияр Кембілов;

    Армения: Арутюнян, Казарян, Даллакян, Чолакян, Пизлова, Артин, Асатрян, Карапетян, Казанчян, Григорян, Гукасян;

    Қосалқы құрам: Бабаян (қ), Сардарян (қ), Варданян, Саркисян, Хачатрян, Мартиросян, Костанян, Саядян;

    Бас жаттықтырушы: Мариам Степанян;

    Төрешілер: Юргита Мачикуните, Ирина Поздеева, Гуосте Йоникайте, Угне Шмитайте (бәрі Литвадан);

    Сонымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 матч ойнап, 8 ұпай жинады. «С» тобында үшінші орын алды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *