Футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы Ұлттар лигасы топтық турниріндегі соңғы ойынын өткізді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.
«Астана Аренада» өткен матчта Қазақстан құрамасы Армения командасымен кездесті. Ойын есебін 40-минутта Юлия Мясникова ашты. Құрама капитаны айыпдобын дәл орындады. Екінші таймда Аида Гайстенова есепті еселей түсті. Артынша 58-минутта Юлия Мясникова дубль авторы атанды. Бұған Армения құрамасы бір голмен жауап қайтарды. 71-минутта Камила Құлмағамбетова төртінші голды салды.
Қазақстан – Армения – 4:1 (1:0)
Гол: Мясникова 40′, 58′, Гайстенова 48′, Құлмағамбетова 71′ – 68′ Портнова (а/г);
Қазақстан: Портнова (қ), Низамутдинова, Құлмағамбетова, Гайстенова, Нұрышева, Қаражанова, Берікова, Мясникова (к), Совет, Тұрлыбекова, Власова;
Қосалқы құрам: Хохлова (қ), Хайрулина, Айтымова, Лозукова, Мамырова, Садықова, Ізімбаева, Жұмабайқызы, Бурова, Сатығалиева, Алданазар;
Бас жаттықтырушы: Мадияр Кембілов;
Армения: Арутюнян, Казарян, Даллакян, Чолакян, Пизлова, Артин, Асатрян, Карапетян, Казанчян, Григорян, Гукасян;
Қосалқы құрам: Бабаян (қ), Сардарян (қ), Варданян, Саркисян, Хачатрян, Мартиросян, Костанян, Саядян;
Бас жаттықтырушы: Мариам Степанян;
Төрешілер: Юргита Мачикуните, Ирина Поздеева, Гуосте Йоникайте, Угне Шмитайте (бәрі Литвадан);
Сонымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 матч ойнап, 8 ұпай жинады. «С» тобында үшінші орын алды.