• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Футболдан әйелдер арасында Ұлттар лигасы өтеді

    Бүгін әйелдер құрамалары арасындағы Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді.

    УЕФА Атқарушы комитеті былтыр күзде әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасын өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл жарыс Олимпиялық ойындар мен Еуропа және әлем чемпионатының іріктеу турнирі болып саналады.

    Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Ұлттар лигасы алғаш рет 2025 жылы әйелдер арасында өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі болып өткізіледі. Биылғы жылдың күзінен бастап жаңа жүйе УЕФА Ұлттар лигасы мен Еуропа іріктеу кезеңін біріктіреді.

    Топтық кезеңде командалар УЕФА әйелдер құрамаларының рейтингіcі бойынша үш лигаға бөлінеді. Қазақстан құрамасы С лигасына түсті. Төрт топқа әр себеттен бір командадан түседі. Ал бесінші топ алғашқы үш себеттен қалған командалардан құралады.

    Жеребе тарту рәсімі 2 мамыр күні Астана уақыты бойынша 17.00-де басталады.

    1-себет: Мальта, Израиль, Әзербайжан, Түркия, Солтүстік Македония

    2-себет: Косово, Черногория, Люксембург, Эстония, Молдова

    3-себет: Литва, Қазақстан, Латвия, Болгария, Кипр

    4-себет: Фарер аралдары, Грузия, Армения, Андорра

    С лигасындағы бес топтың жеңімпаздары В лигасына өтеді. Екінші орын алған үш үздік команда В лигасында үшінші орын алған үш үздік командамен өтпелі ойындар өткізеді. Жеңімпаздар Еуропа іріктеу кезеңінде В лигасында ойнайды. Ал ұтылған командалар С лигасының ойындарына қатысады.

    Әйелдер арасында УЕФА Ұлттар лигасының күнтізбесі-2023/2024:

    Топтық кезең:

    1-2 турлар:

    20-26 қыркүйек, 2023 жыл

    3-4 турлар:

    25-31 қазан 2023 жыл

    5-6 турлар:

    29 қараша — 5 желтоқсан 2023 жыл

    Финалдық кезең

    21-28 ақпан 2024 жыл

    Өтпелі ойындар

    21-28 ақпан 2024 жыл

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *