Футболдан Ұлттар лигасы жарысының ширек финалына жолдама алған барлық құрама белгілі болды, деп хабарлады msports.kz сайты.
Топтық кезең нәтижесі бойынша Португалия, Хорватия, Франция, Италия, Германия, Нидерланд, Испания мен Дания құрамалары ширек финалға шықты.
Плей-оффтың жеребе тарту рәсімі 22 қарашада Швейцарияның Ньон қаласында болады.
Ширек финалдағы ойындар 2025 жылдың 20-23 наурыз аралығына жоспарланған. Жартылай финал 4-5 маусымда өтсе, үшінші орын мен финал матчы 8 маусымға белгіленіп отыр.
Ұлттар лигасының қазіргі жеңімпазы — Испания құрамасы.
Ұлттар лигасына Қазақстан құрамасы да қатысты. В дивизионындағы 3-топта болған отандастарымыз жарыста бірде-бір гол соға алған жоқ. Соның кесірінен С дивизионына түсіп қалды.