• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан құрамасының ойын кестесі жарияланды

    Футболдан Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасының биылғы маусымындағы ойын кестесі белгілі болды.

    Алғашқы матч 6 қыркүйек өз алаңымызда болады. Ұлттық құрама Норвегия командасымен ойнайды.

    9 қыркүйекте Словения – Қазақстан, 10 қазанда Аустрия – Қазақстан, 13 қазанда Қазақстан – Словения, 14 қарашада Қазақстан – Аустрия матчтары болады.

    Еліміздің бас командасының топтық кезеңдегі соңғы мачты 17 қарашаға жоспарланған. Осы күні ұлттық құрама сырт алаңда Норвегияға қарсы ойнайды.

    Топ жеңімпазы бірден А лигасына көтеріледі. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сырт алаңда плей-офф ойындарында кездеседі.

    Бүгін Францияның астанасы – Париж қаласында футболдан 2024-2025 жылғы UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылды. Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия, Словения құрамаларымен бірге бір топқа түсті.

    Ұлттық құраманың бас жаттықтырушы Магомед Адиевтің айтуынша, Қазақстан үшінші топта мықты қарсыластармен күш сынасады. Дегенмен ұлттық құрама бәсекенің қиын болатынына қарамастан әрбір ойынды жеңу үшін алаңға шығады.

    06.09.2024 | 19:00

    Қазақстан – Норвегия

    09.09.2024 | 23:45

    Словения – Қазақстан

    10.10.2024 | 23:45

    Аустрия – Қазақстан

    13.10.2024 | 18:00

    Қазақстан – Словения

    14.11.2024 | 20:00

    Қазақстан – Аустрия

    17.11.2024 | 22:00

    Норвегия – Қазақстан

    Топ жеңімпазы бірден А лигасына шығады. А лигасының топтарында үшінші және В лигасының топтарында екінші орын алған командалар, сондай-ақ В лигасы топтарында үшінші орын және С лигасы топтарында екінші орын алған жеңімпаздар көтерілу үшін бір-бірімен үйде және сыртта плей-офф ойындарында кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *