• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еуропада қазақ күресінен төртінші рет құрлықтық чемпионат өтеді

    1 маусым күні Еуропаның қарт Карпат тауларының етегінде жатқан Сербия елінің Зренянин қаласында  Дүниежүзілік қазақ  күресі  федерациясының  ұйымдастыруымен төл күресімізден төртінші рет ересектер арасындағы құрлықтық чемпионаттың туы көтеріледі.

    Бұл дода екі күн бойы өтіп, оған Еуропаның  17 елінен  110  спортшы  қатысады  деп  күтілуде. Чемпионатта алғаш рет әйелдер 6 және абсолюттік  салмақ  дәрежесінде  жекпе-жекке шығады. Ерлер  арасындағы  жарыс   7 салмақ  дәрежесі  бойынша өткізіледі.

    Осы жарыстың алдында қазақ күресіне қатысты тағы бір шара болады. 30 мамыр күні Зренянин қаласында халықаралық  төрешілер  семинары  өтеді. Семинарда төл күресімізден өтетін жарыстарға Еуропа  төрешілерін дайындау және соған арналған  бағдарламаны  жасау мәселесі қаралады.

    Қазіргі кезде жер-жүзінде қазақ күресіне деген қызығушылық жыл өткен сайын артып келеді. Әсіресе, Біріккен  әлем күресі  (UWW)  одағының  ұлттық күресімізге деген қызығушылығы былтыр Түркіменстанның Ашғабад қаласында өткен V Азия  ойындарынан кейін тіптен артты. Бұған Сербияда жалауы желбірейтін Еуропа чемпионатына 17 елден 110 палуанның қатысуға ниет білдіріп отырғаны дәлел бола алады.

     

     Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    Зренянин қаласы  (Сербия)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *