• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда спорт ордалары Жолдауды талқылады

    Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  тапсырмасымен Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауына арналған жиын  өтті.

    Биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Жиынға Алматы қаласы «Шаңырақ» шағын ауданындағы  «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық спорт колледжі, Алматы қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебі, «Алатау» республикалық қысқы спорт түрлері бойынша жоғарғы спорт шеберлігі мектептерінің мұғалімдері мен бапкерлері де қатысты.

    Тарих пәнінің мұғалімдері Р. Сүлейменова  мен Э.Ерғазы  Президент Жолдауының негізгі тұстарын таныстырып баяндама жасады. Жыл сайын жарық көретін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын асыға күтетінімізді айтып өтті. «Себебі оның еліміздің қарқынды дамуы үшін әсері зор екені айқын. Мемлекет басшысының Жолдауы әрбір азаматтың өмір сапасын арттыруға бағытталып отыр. Құжаттың талаптарын орындау – баршамыздың міндетіміз.

    Биылғы Жолдау жастарға тың серпін береді, өйткені, Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Болашағымыз жастардың қолында екенін және жастарды жаңартылған білім мазмұны арқылы оқыту әрине мұғалімдер екенін атап өтті», деді ол.

    Еліміздің өсіп-өркендеуі туралы кеңірек мағлұмат бере отырып, оқушыларымызды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге үлес қосып  білімді  ұрпақ болып өсуге тәрбиелеу біздің міндетіміз. Жиынға қатысушылар Президенттің Жолдауы еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағытталған бағдар алатындығы жөнінде ортақ пікірге келді. Елбасымыздың Жолдауы еліміздің болашағы үшін атқарылып жатқан игі іс деп білеміз.

    Ұстанған бағытымыз дұрыс және қоғамның әрбір мүшесі сол бағытта аянбай қызмет етуі керек деген сөзбен талқылау өз мәресіне жетті.

     

    Әлия ИМАНБАЕВА,

    Каркен Ахметов атындағы Олимпиада резервінің

    республикалық мамандандырылған

    мектеп-интернат – колледжі

    директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *