• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Семейде таэквондо шеберлері жылды қорытындылады

    Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен биылғы жыл «Жастар жылы» болып жарияланғаны белгілі. Семей қаласында «Жастар жылы» аясында ауқымды деңгейдегі іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

    «Жастар жылы» аясында Шығыс Қазақстан облысының Таэквондо федерациясы өткен жылды қорытындылады. Жыл жетістіктерін жіпке тізген жиын салтанатты жағдайда өтіп, үздік спортшылар мен үздік жаттықтырушылар марапатталды. Өңір таэквондошыларының басқосуына Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова қатысты.

    Қазақ топырағы шығыс жекпе – жегінің ең танымал түрі таэквондо өнерін Мұстафа Өзтүрік арқылы білді. 90-шы жылдардың басында елімізде дами бастаған спорттың осы түрі бүгінде қанатын кеңге жайған. Оған дәлел бір ғана Шығыс Қазақстан облысындағы Таэквондо федерациясын айтуға болады. Қазіргі таңда федерацияда 20-ға жуық бапкер болса, 600-ге жуық спортшы осы спорттың түрімен кәсіби түрде айналысады.

    «2018 жыл федерация үшін жемісті жыл болды», – дейді ШҚО Таэквондо федерациясының президенті Махаббат Советхан. Оның айтуынша, өткен жылы федерация жаттықтырушылары 3 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 13 спорт шеберін және 14 спорт шебіріне үміткерлер дайындаған. Шығыстың таэквондошылары  Шымкент, Алматы, Қарағанды, Екібастұз қалаларында өткен халықаралық жарыстарда жақсы өнер көрсеткен. Бұдан бөлек, халықаралық деңгейдегі жарыстарда да ШҚО Таэквондо федерациясының спортшылары топ жарған. Атап айтқанда, Моңғолияның Ұлан – Батыр қаласында өткен Азия чемпионатында, Беларусь астанасы Минск қаласында өткен Әлем Кубогында даянг шеберлері құрмет тұғырынан көрінген.

    Қорытынды жиында таэквондо әліппесін енді ашқан кішкентай спортшыларына да қолдау көрсетіп, грамоталар табыс етті. Өйткені олар да ертең дүбірлі жарыстарда шығыстың намысын қорғайтын мықты спортшыларға айналатыны сөзсіз. Оған федерация бапкерлері бек сенімді.

     Е.ЖАНАТ,

     СЕМЕЙ

    2 пікір

    1. Асаубаева Серікқайша мама Мұстафа

      Менің сабон Мұрат Ескуатовичқа алғысым шексіз.Еңбегіңіз жемісті,жас спортшыларыңыз шыңның биігінен көрініп Қазақстанның мықты спортшылары болып көк туымызды желбірете берсін.
      Әр баланың жемісір көре беріңіз..
      Біз сізді мақтан тұтамыз.

    2. http://sanmunet.cn

      SNAP poker is going to be accessed on the proper element
      of the principle lobby display screen. Dogs and horses just do
      not mix at this sort of event. This card sport is done by way of the
      usage of dominos. http://sanmunet.cn/home.php?mod=space&uid=88121&do=profile&from=space

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *