• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда жылдың үздіктері анықталды

    Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті.

    Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл шараға биыл қазақ спорты жұлдыздарының бір шоғыры жиналды. Оның басты себебі, олардың жеңіске толы спорттық жолдары туралы «Ұлы дала батырлары» кітабына жазылған болатын.

    Игілікті шара Қазақтың Спорт және туризм академиясының бірінші проректоры Мұхтар Есқалиевтің Жақсылық Үшкемпіров ағамызды КазСтаның 75 жылдық медалімен марапаттаудан басталды. Одан кейін жеңіл атлетикадан Кеңес Одағының 8 дүркін чемпионы және КСРО қарулы күштерінің 14 дүркін чемпионы атанып, Еуропа кубогын иеленіп, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы болған Әмин Тұяқов пен грек-рим күресінен Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін КСРО чемпионы, әлем чемпионы және әлем кубогының иегері және Еңбек ері атанған әлемдегі жалғыз спортшы Жақсылық Үшкемпіров ағаларымыз кітаптың тұсауын кесіп, өздерінің ақ батасын берді.

    Жинаққа шыққан мақтаныштарымызға «Спорт ардагері» төсбелгісі мен кітап табыс етілді. Олар: Бокстан 3 дүркін КСРО чемпионы және Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, Қазақтан шыққан тұңғыш кәсіпқой боксшы, екі дүркін КСРО чемпионы Кәрімжан Абдрахманов, Бокстан ТМД чемпионы, екі дүркін Азия чемпионы және Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, бұл күндері Венгрия құрама командасының бас жаттықтырушысы қызметін атқарып жүрген Болат Ниязымбетов, самбодан екі дүркін КСРО чемпионы, екі дүркін КСРО қарулы күштерінің чемпионы, КСРО мен әлем кубогының иегері, Еуропа чемпионы, шеберлер арасында әлемнің 8 дүркін чемпионы Алмас Мусабеков, самбодан екі дүркін КСРО мен Еуропа чемпионы, әлем кубогының иегері Айтжан Шаңғараев, самбодан жастар арасында екі дүркін КСРО чемпионы, әлем чемпионы Мәден Қалиеков, бокстан жасөспірімдер арасында екі дүркін КСРО чемпионы, Азия ойындарының чемпионы және әлем кубогының иегері Аркадий Топаев, дзюдодан КСРО чемпионатының күміс жүлдесіне ие болған тұңғыш қазақ Бостан Жаңбырбаев, бокстан жастар арасында екі дүркін КСРО чемпионы, ересектер арасында екі дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, Олимпиада чемпионы және жүлдегері Ермахан Ибраимов. Құрметті қонақтар қатарында қазақ боксының атасы Шоқыр Бөлтекұлының қызы Тоты Шоқырқызы апамыз да болды.

    Осыдан кейін қазақ спортында өшпестей із қалдырып, өз есімдерін алтын әріппен жазып қалдырған осы ағаларымыз «Жыл үздіктері-2019» жеңімпаздарын марапаттап құрмет көрсетті. Спорт саласында жыл ішінде орасан зор табыстарға қол жеткізіп, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар:

    1. «ҚР үздік облыстық спорт басқармасы – 2019» жеңімпазы Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Басшысы Олжас Акимов)
    2. «ҚР үздік спортқа жанашыр аудан әкімі – 2019» жеңімпазы Қайратбек Сәрсенбаев (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданының әкімі)
    3. «ҚР үздік бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырушы — 2019» жеңімпазы ҚР мектеп спорты федерациясы (Бас директоры Нұржан Нұрахметов)
    4. «ҚР үздік спорт жанашыры -2019» жеңімпазы Келбатыр Құлғазиев («Мако» ЖШС президенті, Атырау облысы, Құлсары қаласы)
    5. «ҚР үздік спорт жанашыры -2019» жеңімпазы Бауыржан Мұсақанов (Қарағанды облыстық қазақ күресі федерациясының президенті)
    6. «ҚР үздік спорт жанашыры -2019» жеңімпазы: Анатолий Веклич (Қостанай облысы, Рудный қаласы)
    7. «ҚР үздік қазақ күрес федерациясы — 2019» жеңімпазы Азия қазақ күрес федерациясы (президенті Серік Кененбай, бірінші орынбасары Жиан Лин Сонг)
    8. «ҚР үздік самбо федерациясы — 2019» жеңімпазы: Маңғыстау облыстық самбо федерациясы (президенті Айдос Ақжанов)
    9. «ҚР үздік әмбебап жекпе-жек федерациясы — 2019» жеңімпазы Қызылорда облыстық әмбебап жекпе-жек федерациясы (Президенті Нұрбек Жармаханов)
    10. «ҚР үздік парадзюдо федерациясы – 2019» жеңімпазы: ҚР Дзюдо Паралимпиада федерациясы (Президенті Қанатқали Дусалиев)
    11. «ҚР үздік аудандық спорт бөлімі – 2019» жеңімпазы Атырау облысы, Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі (Бөлім басшысы міндетін атқарушы Абзал Бекенов)
    12. «ҚР үздік аудандық футбол федерациясы – 2019» жеңімпазы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық футбол федерациясы (Президенті Жандос Уалиев)
    13. «ҚР үздік аудандық ұлттық спорт федерациясы – 2019» жеңімпазы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек аудандық ат спорты федерациясы (Президенті Нұрболат Шагиров)
    14. Қалыбек Ерназаров (Сага-Омега» ЖШС бас директоры, Ақтөбе қаласы)
    15. «Қазақ спорт журналистикасының қайраткері» жеңімпазы Құлтас Достанов («Президент және Спорт» журналының бас редакторы, Алматы қаласы)
    16. «ҚР үздік спорт мектебі — 2019» жеңімпазы №4 ОМБЖОРМ (Ақтөбе қаласы) (Директоры Болат Еңсепбаев)
    17. «ҚР үздік спорт мектебі — 2019» жеңімпазы «Жас батыр» ОМБЖСМ. (Директоры Манарбек Бисекенов, Маңғыстау облысы)
    18. «ҚР үздік спорт мектебі — 2019» жеңімпазы Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебі (Директоры Бағдат Қаленов)
    19. «ҚР үздік аудандық спорт мектебі — 2019» жеңімпазы №4 Жылыой аудандық БЖСМ. (Директоры Жұмабай Құдайбергенов, Атырау облысы)
    20. «ҚР үздік спортшысы – 2019» жеңімпазы Талғат Жұмағалиев (Атырау облысы, Жылыой ауданы)
    21. «ҚР үздік спортшысы – 2019» жеңімпазы Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы)
    22. «ҚР үздік самбошысы – 2019» жеңімпазы Дәурен Төлегенов (Маңғыстау облысы)
    23. «ҚР үздік парадзюдошы – 2019» жеңімпазы Зарина Байбатина (Атырау облысы)
    24. «ҚР үздік парадзюдо бапкері – 2019» жеңімпазы Наран Ешибаев (ҚР парадзюдодан аға бапкері)
    25. «ҚР үздік бапкері – 2019» жеңімпазы Әбутәліп Аманов (Қызылорда облысы)
    26. «ҚР үздік самбо бапкері – 2019» жеңімпазы Берік Жұмағалиев (Маңғыстау облысы)
    27. «ҚР үздік ардагер самбошы — 2019» жеңімпазы Алмас Мусабеков (Тараз қаласы)
    28. «ҚР үздік ардагер дойбышы — 2019» жеңімпазы Берік Пшанов (Жамбыл облысы, Қаратау қаласы)
    29. «ҚР үздік каратэ-до шотокан бапкері – 2019 жеңімпазы Бағлан Күлбаев (Тараз қаласы)
    30. «ҚР үздік спорт клубы – 2019» жеңімпазы «Райымбек Пикчерс» кәсіпқой спорт клубы (Президенті Азат Қатаубаев, Алматы)
    31. «ҚР үздік спортқа жанашыр мектеп — 2019» жеңімпазы Алматы облысы, Текелі қалалық №5 орта мектебі (Директоры Эльмира Иманбердиева)
    32. «ҚР үздік спортқа жанашыр мектеп — 2019» жеңімпазы Жамбыл облысы, Төле би орта мектебі (Директоры Жанат Шардарбекова)
    33. «ҚР ЖОО дене шынықтыру және спорт саласының үздік оқытушысы — 2019» жеңімпазы Нұрсапа Ахметов (Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиринг университеті, дене шынықтыру кафедрасының доценті)
    34. «ҚР үздік облыстық спорт әдіскері — 2019» жеңімпазы Али Қабақов (Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы директорының орынбасары)
    35. «ҚР Жыл жаңалығы — Открытие года РК — 2019» жеңімпазы «Sport-radio» (директоры Илья Пустогачев, Нұр-Сұлтан қаласы)
    36. «ҚР үздік баспасөз хатшысы – 2019» жеңімпазы Лаура Шоңғалова (Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы)
    37. «ҚР үздік спорт сарапшысы – 2019» жеңімпазы Аспандияр Есенжолов (Ақтөбе қаласы)
    38. «ҚР үздік спорт жүргізушісі — 2019» жеңімпазы Ержан Мұқаш («Sport-radio» бас редакторы, Нұр-Сұлтан қаласы)
    39. «ҚР үздік спорт журналисі — 2019» жеңімпазы Дастан Кенжалин (www.sportpress.kzақпараттық-сараптамалық спорт сайтының бас редакторы, Нұр-Сұлтан қаласы)
    40. «ҚР үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі — 2019» жеңімпазы Жамбыл Есіркепов (Тараз «Парасат» колледжі)
    41. «ҚР үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі — 2019» жеңімпазы Берік Алимходжаев (Алматы облысы, Қарасай ауданы)
    42. «ҚР үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі — 2019» жеңімпазы Ғани Садықов (Жамбыл облысы, Төлеби орта мектебі)
    43. «ҚР үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі — 2019» жеңімпазы Нұрлыбек Жұмахан (Қостанай облысы, Арқалық қаласы)
    44. «ҚР үздік әскери-патриоттық бағыттағы ұстаз — 2019» жеңімпазы Қайрат Рамазан (Алматы облысы, Текелі қаласы
    45. «ҚР үздік әскери-патриоттық бағыттағы ұстаз — 2019» жеңімпазы Бақыт Ташенов (Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы)

    Қазақтың біртуар азаматтарының қолынан аталған жыл үздіктері марапаттарға ие болды. Ел мақтаныштарынан алған марапаттары оларға алдағы уақытта жаңаша құлшыныспен, ерекше шабытпен жұмыс істеуге серпін береді деген ойдамыз!
    «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі марапаттау комиссиясының төрайымы, құрметті профессор Гүлия Иманова мен каратэден 5-ші дан иегері, Гиннестің Қазақстандық рекордтар кітабына 3 рет енген Жамали Диханұлы спорт саңлақтарына әсем әннен шашу шашқан қазақ эстрадасының ретро-жұлдызы Өктем Алтаевқа «Бейбітшілік әлемі» бірлестігі атынан «Алтын қыран» орденін тапсырып, ерекше құрмет көрсетті.

    «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақтың Спорт және Туризм академиясының құрметті профессоры, «Ұлы дала батырлары» кітабын құрастырушы Мусағали Тасқалиев шара соңында осы жинақты шығаруға қаржылай қолдау көрсеткен, Грек-рим күресінен қатарынан 7 дүркін Кеңес Одағының чемпионы атанған тарихтағы жалғыз балуан, КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы және Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, екі дүркін Еуропа чемпионы, екі мәрте әлем кубогының иегері, Азия ойындарының және Азияның екі дүркін чемпионы, қазақтың біртуар азаматы Дәулет Болатұлы Тұрлыханов ағамызға шын жүректен алғыс айтты.

    Осы кешке қатысқан барлық спорт жұлдыздарына зор денсаулық тілеп, ризашылығын білдірді. Кітаптың тұсауын кескен қазақтың ардақты азаматтары Әмин Тұяқов пен Жақсылық Үшкемпіров ағаларымызға ҚазСта бірінші проректоры Мұхтар Есқалиев және Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов үшеуі қазақтың дәстүрімен шапан жауып, құрмет көрсетті.

    Бүгінгі кеште марапатқа ие болған барлық жыл үздіктеріне марапаттарыңыз құтты болсын және жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз! «Ұлы дала батырлары» кітабына енген асыл ағаларымыздың жеңісті жолы кейінгі жас ұрпаққа үлгі болып, олардың ізін жалғастырушы жастарымыз әлемдік сындарда Алаштың атын шығарады деген үміттеміз! Қазақ спорты жасасын! Қазақ спортының мақтаныштары аман жүрсін!

     

    Жандос АЯНБЕКҰЛЫ,

    «Спорт жұлдыздары»

     АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *