• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Жақсылық Үшкемпіров

    Тау тұлға ағамыздың турнирі (ФОТО)

    Алматыда аты әлемге мәшһүр балуан, Олимпиада және әлем чемпионы, «Еңбек ері» атағының иегері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Жақсылық ағамызды артық айтқанымыз емес, жас та кәрі де жақсы көруші еді. Өйткені, Жәкең марқұм жетімнің басын сипап, жесірге жәрдем, еліне демеу болған, халық сүйіп құрметтейтін ерекші тұлға болғанын жақсы білеміз. Алысқа бармай-ақ өз шаруашылығын дөңгелетіп ...

    Read More »

    Грек-рим күресі: Қазақстан екі алтын медаль алды

    Астанада грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске түсіруге арналған халықаралық турнир аяқталды. Турнир үш күн болып, 10 салмақ бойынша жеңімпаздар анықталды. Жарыс қорытындысы бойынша бейтарап елдің спортшылары төрт алтын жүлдемен жалпы есепте топ жарса, Әзербайжан — 3 алтын, Қазақстан 2 алтын медальмен үздік үштікті түйіндеді. Екінші жарыс күнінің жүлдегерлері: 60 кг 1.Оңдасын Хамитов (Қазақстан) ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турниріне 234 балуан жиналды  

    Астанадағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді. Кеше оның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды. Бқл турнир биыл төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдердің саны бойынша өзіндік ...

    Read More »

    Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған  турнир өтеді

    11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді. Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Іс-шара Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы мешіт ашылады

    24 қарашада Алматы облысы Қарсай ауданы Жібек жолы ауылында грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанған Жақсылық Үшкемпіровтің атындағы мешіт ашылады, деп хабарлады Күрес түрлері федерациясы. Мешіттің мекенжайы: Дүйсеков көшесі, 1. Жақсылық Үшкемпіровтің шын есімі — Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев. Ол 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Свердловск ауданындағы Дихан ауылында туған. 2020 жылы 2 тамызда пандемия кезінде қайтыс болған. 1971 ...

    Read More »

    Жаратқан, Жақсылықсыз да күрес жарыстары өте береді екен-ау…

    …ЖАҚСЫЛЫҚТЫ сағындым!  Бірде-бір ірі жарыстарда ЖАҚСЫЛЫҚСЫЗ жүрмеуші едім.  Соңғы Токио Олимпиадасына бара алмадым.  Ешкім жүр деген жоқ.  Бірақ онда барғанда да ЖАҚСЫЛЫҚ болмас еді… Ол қазақтың БІРТУАР ҰЛЫ, спортымыздың СИМВОЛЫ, менің ЖАН ДОСЫМның келмеске кеткеніне де екі жылдан асты… …Ханчжоудағы Азия ойындарында күрес басталды. Кеше грек-рим шеберлерінің бәсекесіне бардық. Бір жігітіміз финалда, үш жігітіміз қола жүлде жолында кілемге шықпақ еді. ...

    Read More »

    Жақсылық Үшкемпіров турнирінде алты балуан жеңімпаз атанды

    Бүгін Астана қаласында даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Еліміздің әр өңірінен келген балуандармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзербайжан Республикасы мен Израильдің үздік 164 спортшысы 3 күн бойы өзара сынға түсті. Қазақ балуандары арасынан Айбек Айтбеков (55 кг), Олжас Ерғали ...

    Read More »

    Жақсылықты жоқтау апталығы

    Қазақстан үшін !!! 1983 жыл! Мәскеуде КСРО Халықтарының VIII Спартакиадасы өтті. Ол кезде спорт журналистикасының атына тақым тастай бекіген, жарыстан қалмаймыз, біз де бардық. Бүгінгі жастарға түсінікті болсын, ол кезде КСРО-да бұл СПАРТАКИАДАДАН асқан маңызды жарыс жоқ болатын. Ол жарыстардағы нәтижені КПСС Орталық комитетінің өзі бақылауда ұстап, жақсы нәтиже көрсетсең бастан сипап, нашар нәтиже көрсетсең құйрықтан шықпыртатын! Өйткені, бұл Спортакиададағы ...

    Read More »

    Жақсылықтың қазасы – қазақ қоғамының қабырғасын қайыстырды

    Артық айтты демеңіздер, кеше «Жақсылық қайтыс болыпты!» дегенді естігенде менің өз басымның өмір сүріп жатқан кеңістігім күл-парша болып күйреп түскендей болды! Сонау оттай қызу шағымда спорт атты өнерді таңдап алып, содан бергі 45 жылда (!) әр сағат, әр күнімді Жақсылықсыз өткізбегендіктен бе, Жеңіс, Чемпион атақтарын Жақсылықсыз тойламағандықтан ба, жеңіліс пен сәтсіздікті Жақсылықсыз жүректен өткізбегесін бе, оның ұлы табиғаты менің кеудеме ...

    Read More »

    Алматыда жылдың үздіктері анықталды

    Бүгін қазақ спортының қара шаңырағы, әлемдегі ең үздік оқу орындарының бірі – Қазақтың Спорт және Туризм академиясында еліміздің абыройын асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген бүгінгі күн батырлары, еліміздің ең үздік спортшыларын марапаттау салтанаты мен «Ұлы дала батырлары» кітабының тұсаукесері болып өтті. Осымен үшінші жыл қатарынан Қазақтың Спорт және Туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өтіп отырған бұл ...

    Read More »