• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қанат Байұзақов

    Жақсылық Үшкемпіров турниріне 234 балуан жиналды  

    Астанадағы Жекпе-жек сарайында грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгілер арасында қазақтың аңыз спортшысы Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің жалауы көтерілді.

    Кеше оның алғашқы жеңімпаздары белгілі болды.

    Бқл турнир биыл төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Ресей және алғаш рет Бельгия, Хорватия, Украина, Сауд Арабиясы мемлекеттері өз балуандарын алып келді. Бұл елдердің саны бойынша өзіндік рекорд саналады.

    10 салмақ бойынша жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатқан жарыста 234 боз кілем шеберлері бас қосты.

    55 кг

    1.Әлібек Амиров (бейтарап ел)

    2.Айбек Айтбеков (Қазақстан)

    3.Арсен Жұма (Қазақстан)

    Хусейн Савадов (Әзербайжан)

    63 кг

    1.Ерзу Закриев (бейтарап ел)

    2.Дамир Ибрашов (Қазақстан)

    3.Махаммад Шукурзаде (Әзербайжан)

    Даниал Молдабек (Қазақстан)

    72 кг

    1.Руслан Нуруллаев (Әзербайжан)

    2.Тайыр Амангелді (Қазақстан)

    3.Ырыскелді  Хамзаев (Қырғызстан)

    Ақжан Ықыласов (Қазақстан)

    82 кг

    1.Ерасыл Жеңіс (Қазақстан)

    2.Исмаил Рзаев (Әзербайжан)

    3.Рамазан Пашаев (Украина)

    Жанболат Бекен (Қазақстан)

    Ерасыл Жеңістің айтуынша, команда халықаралық додаға «Алматау» спорт базасында 2 апта арнайы дайындалды. Әр жеңіс оңайшылықпен келмеді. Әсіресе, Әзербайжан балуаны өз елінде мықты спортшылардың қатарына кіреді.

    2:7 есебімен ұтылып жатсам да, мойымадым. Оны әбден шаршатып, соңында ойлаған барлық айла тәсілдерім жүзеге асты, — деді ол.

    97 кг

    1.Егор Якушенко (Украина)

    2.Амирхон Бердіқұлов (Өзбекстан)

    3.Максим Аверин (бейтарап ел)

    Баһрам Құрбанов (Қырғызстан)

    Кезінде Жақсылық Үшкемпіровтың көмекшісі болған Самат Баймұхановтың айтуынша, 2017 жылдан бері турнир халықаралық турнир дәрежесіне көтеріліп, жылдың күнтізбесіне енгізілді.

    Биыл Париж Олимпиадасы өтетіндіктен, осы жарыс ерте ұйымдастырылып отыр. Бірақ бір артықшылығы — біршама елдер Олимпиадаға дайындық мақсатында арнайы түрде келіп, жарыс көркін қыздырып жатыр.

    Күрес түрлерінен әлем чемпионаты, Азия чемпионатын қабылдаған «Жекпе-жек» сарайы уақыт өткен сайын деңгейі жоғарлап барады. UWW-дан келген делегат та алдағы уақытта осы жерде әлем чемпионатын өткізу туралы идеясын барын жасырмады.

    Басқа да мемлекеттер жоғары сыйақы, уақыттың қолайлығына байланысты келер жылы қатысуға қызығушылықтарын білдіріп жатыр, — деді Самат Баймұханов.

    Жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйақы (1-орын — 1,5 млн теңге, 2-орын — 1 млн теңге, 3-орын — 500 мың теңге, чемпионның бапкері — 100 мың теңге) және медальдармен марапатталды.

    Бүгін тағы бес салмақта жүлдегерлер белгілі болады.

     

    Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *