• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Photo by JOSE JORDAN

    Елжаңа Таниева Гран-при кезеңінде алтын жүлде алды

    Гимнасшы Елжаңа Таниева Испанияда өтіп жатқан Гран-при кезеңінде алтын медальді жеңіп алды.

    Ол доппен өнер көрсетуде финалға шығып, 33 400 ұпаймен алтын жүлдені иеленді. Осы бағдарламада өзбекстандық спортшы күміс медаль алса, қола жүлдеге Словения өкілі ие болды.

    Сондай-ақ, Таниева шығыршықпен жаттығуда сегізінші, ал таспа, ұршық жаттығуларында төртінші орыннан көрінді.

    Елжаңа Таниева Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Универсиадада Қазақстан құрамасына бір күміс, бір қола жүлде жеңіп алды.

    Ол доп және таспа жаттығуында күміс жүлдені, шығыршық жаттығуында қола жүлде иеленді. Сөйтіп, доппен ойын көрсету сайысында екінші орынға ие болды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *