• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    qazaqstan.tv

    Астанада Жақсылық Үшкемпіровті еске түсіруге арналған  турнир өтеді

    11 мен 13 наурыз аралығында Астана қаласында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе жек сарайында КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровті еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөспірімдер (U20) арасында халықаралық турнир өтеді.

    Оған әлемнің ең үздік бозкілем шеберлері қатысып, 10 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

    Іс-шара Туризм және Cпорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы мен  Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен болады.

    Турнирге кіру тегін.

     

    Динара БИМАНОВА,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *