• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кәсіпқой боксшы Бекман Сойлыбаев ашық жаттығу өткізеді

    Бүгін, яғни 8 тамызда Астанада WBC International чемпиондық белбеуінің иегері Бекман Сойлыбаев АҚШ-қа кетер алдында БАҚ өкілдері мен жанкүйерлерге арналған ашық жаттығуын өткізеді.

    Бекманның ашық жаттығуы «Мәскеу» бизнес-орталығындағы «Bronx» бокс залында өтеді. Боксшы көпшілікке өзінің техникалық және функционалдық дайындығын паш етіп, өзінің осы жылға арналған барлық жоспарларымен бөліседі. Сондай-ақ, Сойлыбаевтың командасы боксшының алдағы жекпе-жекте шаршы алаңға киіп шығатын формасын таныстырады. Ал жанкүйерлер Бекманның төрт чемпиондық белбеуімен де суретке түсіп, селфи жасауға мүмкіндік алады.

    Жалпы, қазіргі таңда Бекман Сойлыбаевтың еншісінде 11 айқас бар. Барлығында жеңіске жетіп, соның төртеуінде қарсыластарын нокаутқа жіберген. Соңғы айқасын 30 сәуір күні Мексиканың Чиуауа қаласында өткізіп, екінші жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBC International чемпиондық белбеуін жеңіп алған. Енді WBC ережесі бойынша Сойлыбаев өзінің белбеуін қорғауы тиіс. Оның келесі жекпе-жегі 13 қазанда Лос-Анджелесте өтеді деп күтілуде.

    Ашық жаттығудың басталуы: 08.08.2017 ж., сағат – 19:00.

    Байланыс үшін: +7 777 734 88 10 (Әзиз Жұмаділ)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *