• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Үздіктердің үздігі

    Жыл сайын 19 желтоқсан күні «Спорт жұлдыздары» республикалық журналы (бас редакторы, елге белгілі журналист Мұсағали Тасқалив) мен Қазақтың Спорт және туризм академиясы бірігіп, еліміздегі спорт саласында үздік шыққан мектеп,аудан, облыстарды марапаттап отыратын жақсы бір дәстүрді қалыптастырып келеді.

    Биылғы жылы да айтулы шара әлемді мазасыздандырып тұрған індетке қарамай, жалғасын тапты. Жылдың үздік спорт мектебі болып биыл жыл бойы тынымсыз, табанды еңбек етіп, ел алғысына бөленіп жатқан Қ.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі лайықты деп танылып, құрметпен марапатталды.

    Біріншіден, расыменде бұл мектепке бара қалсаңыз табылдырықты аттап басқаннан бастап, тәрбиелі, иманды жасұрпақты кездестіресіз. Қос қолын кеудесіне қойып, амандасқан жасөсіпірімдерге қарап, жаның жылып қоя береді. Екіншіден, білім мен спортты қатар алып жүрген дарынды жастардың алмаған белесі қаламағанына көзіңіз жетеді. Спорттың әр түрінен еліміздің ғана емес, әлем, Еуропа, Азия жарыстарында жүлде алып, Қазақстанның атын шығарып жүрген тума таланттар бұл оқу ордасында жетерлік. Үшіншіден, жағдай жасалған жерде табыс та көп күттірмейтіні белгілі. Айтулы мектептің асханасы, жатар жайы мен спорт алаңдары жаңа заман талабына сай бой көтеріп, ерекше көрініс алған. Осындай берекесі ұйыған мектеп-интернат колледждің «Жылдың үздік спорт мектебі» атағын алуына толықтай лайықты еді. Сондықтанда Қазақтың Спорт және туризм академиясының шаңырағында өткен думанды шара барысында К.Ахметов мектебі «Жылдың үздік спорт мектебі» деген атаққа ие болды. Осындай құрметті марапатты, мектептің барлық жағынан дамуына орасан үлесін қосқан білікті басшы, іскер азамат Қ.Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіденің директоры Сейілхан Бақтығалиұлы Қарақовқа, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы, әйгілі желаяқ Әмин Тұяқов атамыз өз қолымен табыс етті. Сонымен қатар, «Ер намысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерболат Алиядин ағамыз «Ұлы дала батыры» деген орденді Сейілхан Бақтығалиұлының төсіне тақты. Осылайша, қос қуанышқа кенелген К.Ахметов атындағы мектеп-интернат колледждің еңбегі еленіп отыр. Бұл әрине, дұрыс бағытта келе жатқан ұжымның қажырлы жұмысының жемісі деп білеміз.

    Адамның жақсылық жолында жасаған еңбегі ешқашан елеусіз қалмайтыны анық. Әсіресе, бала тәрбиесі асқан ыждақаттықпен, ыстық мейірімді талап етеді. Олай болса, Қ.Ахметов мектебінің шаңырағында дәріс алатын жасбуынның болашағы зор деп білеміз. Айтулы мектепке берілген бұл марапат алдағы уақытта одан да биік белестерден көрінуге мүмкіндіктер аша түседі деген ойды білдіреді.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *