• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада Дзюдо орталығы ашылды

    Бүгін «Нұр-Сұлтан» олимпиадалық даярлау орталығында Дзюдо орталығының ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт істері және денешынықтыру комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

    Іс-шараға Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров және «Нұр-Сұлтан» ОДО» директорынының міндетін атқарушы Мұратбек Қыпшақбаев қатысты.

    Қайрат Пернешұлының алғысөзінен кейін жас дзюдо шеберлері жаттықтырушы Сергей Пактың басшылығымен аз уақыт аралығында үйренген өнерлерін көрсетті.

    «Сарыарқа» велотрегі жанындағы Дзюдо орталығы 2020 жылдың қарашасынан  жұмыс істеп келеді. Қазір онда 120-дан аса адам жаттығып жүр. Орталықта дайындық жұмыстары аптасына 6 күн өтеді. Екі бапкер бар. Санитарлық талаптар қатаң сақталған.

    Жапон жекпе-жегіне деген қызығушылық өте жоғары. Осыны ескерген олимпиадалық даярлау орталығының басшылығы оның ауқымын кеңейтіп, барлық қатысушыларға жайлы жағдай жасауға тырысты. Қазір негізгі залдың көлемі 410,4 шаршы метр. Бұл бір мезетте 100 адамның емін-еркін дайындалуына мүмкіндік береді. Ал, орталықтың жалпы аумағы 721,2 шаршы метрді алып жатыр. Бұл жерге киім ауыстыратын және басқа да бөлімдер кіреді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *