• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Еңбек еленсе есте қалады

    Қазіргі таңда дүниежүзін жайлаған індеттің әсері біздің елге де тиіп тұр. Дегенменде  осындай қиын кезде індетке мойынұсынбай күресудің ең бір тиімді тәсілі спорт деуге болады.

    Спорт – денсаулық кепілі десек, денешынықтырумен белсене айналысқан жанға ешқандай дерт тұзағын сала алмайды. Заманның ағымына қарай ағыспен арпалыса еңбек етіп жатқан спорт мектептерінің игілікті істері ешқашан елеусіз қалмайтыны бір анық. Айталық, бүгінде Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжі елдегі ілгері оқу және спорт ордасының бірі болып саналады. Бұл мектепте тәлім алып жатқан дарынды жасөспрімдер спортпен белсене айналысып, табыстан табысқа жетіп келеді. Әсіресе, айтулы мектеп-интернаттың қабырғасында салынған елімізде теңдесі жоқ Дзюдо академиясында жаттығатын бота балуандардың жеңісті жолдары көпке үлгі боларлықтай.

    Тарихы тереңнен тарау алған айтулы мектептің қабырғасынан елімізге танымал көптеген спортшылардың шоғыры шықты. Мысалы, дзюдо күресінен  Асхат Житкеев, Елдос Сметов сынды саңлақтарымыз Олимпиада ойындарында күміс жүлделерді иеленіп, көк байрағымызды көктен желбіретсе, алтын алқалы ағаларының ізін жалғастырушы жас талант Бекарыс Сәдуақас Аргентинаның астанасы Буэнос-Айресте жасөспірімдер арасында өткен ІІІ Олимпиада ойындарының чемпионы атанып, еліміздің атын шығарды. Міне, осындай қазақ спортының мақтанышына айналған апайтөс спортшылардың көпшілігі осы Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледждің қабырғасынан қанаттары  қатайып түлеп ұшса, кейбір жас таланттар білімін ұштап жаттығуын әлі жалғастыруда.

    Бүгінде құрылысы жаңарып, жаңаша көрініс алған айтулы мектеп-интернаттың ауласында орналасқан зәулім Дзюдо академиясы талантты балуандарды шығарып жатқан ұстахана іспетті. Сондықтанда бұл мектеп-ұжымы барлық мақтауға лайықты жұмыс істеп отыр.

    Бүгін айтулы мектепке Ұлттық Олимпиада комитетінің Спорт дирекциясының директоры Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов арнайы ат басын бұрып, еңбектерімен көпке үлгі болып отырған Қаркен Ахметов атындағы Олипиадалық резервінің арнайы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледждің директоры Сейілхан Қарақовқа Дзюдо академиясын аккредитациялау сертификатын құрметпен табыс етті. Еліміздегі Ұлттық Олимпиада комитеті секілді мәртебелі спорт орынның осындай жоғары баға беріп кетуі мектеп ұжымының іргелі істерінің нәтижесі  деп білеміз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *