• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алыптар ауылдан шығады

    Жуырда Жетісу өңіріне жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде  Ілияс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп, өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс.

    Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен кейін, грек-рим күресінен Олимпия ойындарының күміс жүлдегері, Алматы облысы спорт басқармасының бастығы, өңір спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарабоз балуан Нұрбақыт Теңізбаевпен бір тамаша кездесу болды.

    Мен келгенде  облыс орталығындағы бірнеше спорт кешендерінде Алматы облысы мемлекеттік қызметкерлерінің арасында спорттың 7 түрінен Спартакиада болып жатыр екен. Әр ауданның мықтылары жеңіс үшін жан аямай кәсіби спортшылардай шеберліктерін салып-ақ жатыр. Әсіресе, орталықта барлық халықаралық стандартқа сай су жаңадан салынған  суалабында ұзақтыққа жүзу, шалқалай малтау секілді түрлерден сынға түскен аудан, ауылда тұратын қызметкерлердің шеберлігіне көз алмай қарап, үлкен әсер алдым. Иә, елдегі ағайындардың мұндай жақсы көрсеткіштерді көрсетуі өңірлерде спортқа деген зор көңіл бөлінудің арқасында деп айтуға толықтай негіз бар. Өйткені, қазір Алматы облысының әр ауданында тіпті, кейбір ауылдарда спорт кешендері былай тұрсын, өзен суы жоқ аймақтардың өзінде су спортына бар жағдай жасалғанын байқайсыз.

    Ендеше, ел спортының алтын діңгегі ауыл спортында екенін облыс спортының тізгінін ұстаған Нұрбақыт Теңізбаев жақсы біледі. Сол үшін де білікті маман ауыл спортын дамыту арқылы ауылдарда спорт кешендерін салуға бар күш-жігерін сарп етуде. Ауылда туып өскен адам ғана ауыл тұрмысын, ауыл жағдайын жақсы біледі. Меніңше, кезінде облыс әкімі болған Амандық Баталов пен облыс спортының қазанында қайнап ауыл жастарына қамқорлық қолдауын аямай жүрген білікті басшы, білгір маман, даңқты балуан Нұрбақыт Теңізбаевтың ерен еңбектерінің жемісі бүгінгі күні көз алдыңа көріне бастағанының куәсі боласыз. Хош, сонымен Жетісу жеріне келген сапарымда өңір спортының тынымсыз қарқын алып жатқанына көз жеткізіп, ерекше әсерде қалдым.

    Бүгінгі күні спорттың әр түрінен Олимпиада, әлем, Еуропа жарыстарында еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Алматы облысының спортшыларының толағай табыстары өңірлерде жасалған жақсы жағдайдың нәтижесі екеніне көз жеткізесіз. Осындай қасиетті мекендегі спортшылардың аяқ алысы туралы БАҚ көздерінен жазған жазбаларым ескерусіз қалмаған екен. Облыс спортының басшысы, белгілі балуан Нұрбақыт Молдахметұлы құрметпен маған диплом табыс етті. Азғана жазбамды елеп, ескеріп берген құрметіне балуанға зор алғысымды білдірдім.  Қазақы дәстүрмен менде өз тарапымнан осы жылы жарыққа шыққан «Ізгілікпен өрілген өмір» атты қазақ спортының  қайраткерлері туралы 30 жылдық жиып терген еңбегім туралы жазған энциклопедиялық кітабымды даңқты балуанға  тарту еттім. Сосын бұл кездесуде есте қалар деген оймен естелік суретке түстік. Өңір спортының жаршысы Нұрбақыт Молдахметұлымен осылайша қоштасып шыққан кейін, осы Жетісу өңірінің тумасы аты барша қазаққа мәлім әйгілі балуан еркін күрестен аты айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері атанған, сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан Азия ойындарынының алғаш рет алтын жүлдесін жеңіп алған аты барша елге белгілі балуан, Алматы облысы олимпиадалық резевтерді даярлау орталығының директоры тағы бір алаштың асыл ері Мәулен Мамыровпен кездесіп, шығармашылық кітабымды аса құрметпен табыс еттім. Өйткені, Мәулен Сатымбайұлы кітаптағы басты бір кейіпкерлердің бірі болатын. Осылайша Жер жаннаты Жетісуға барып қайтқан сапарым мен үшін ерекше тартымды әрі әсерлі  болды.

    Бұл аймақтан Нұрбақыт Теңізбаев, Мәулен Мамыров сынды шоқтығы биік әйгілі балуандардың ізін басар әлі жарық жұлдыздардың шығатынына бек сенімдімін. Ол үшін нақты жағдайлар жасалынып жатқаны көзді алып тұр. Ал, жағдай жасалған жерде жастарымызда жарқын жеңісімен жемісін беретіні сөзсіз.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

     

     

     

     

     

     

     

    3 пікір

    1. Ѓонус Vavada

      Огромное мерси за информацию.

    2. Руслан

      Спасибо за исчерпывающую информацию. Как по мне то самая выгодная это аренда авто с водителем спб вот тут https://blackrent.ru/autovsdriver . Всегда интеллигентный, опрятный водитель. Быстрая и комфортная поездка в любую точку.

    3. Вячеслав

      Спасибо вам за предоставленную информацию. Аккумуляторные батареи вилочных погрузчиков подвергаются постоянным нагрузкам, поэтому ремонт аккумуляторов для вилочных погрузчиков это закономерный процесс. Проще всего восстановить АКБ, а не покупать новую.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *