• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Чемпиондар ұстаханасы

    «Болар бала бесігінде бұлқынар», демекші, дарынды баланың қатарлас құрбы-құрдастарынан өзгешілігі әркезде бір қадам алда жүріп, озық ойлауында болады –дейді ғалымдар. Иә, бұған қосылмасқа дауа жоқ. Баланың жастайынан әр салаға қабілеттілігі байқала бастағаннан бастап, оны дұрыс арнаға бағыттай білу ата-ананың міндеті. Баланың жүрек қалауы не қаласа соған бейімдеудің орнына көптеген ата-аналар өздерінің қалауы бойынша оқуға немесе спортқа беріп жатады. Әрине, ол дұрыс емес. Қазақта «Талапты бала-талпынған құстай, құмары қанбас аспанға ұшпай», деген қанатты сөз бар. Талапты бала қалайда бір жерден тесіп шығары сөзсіз. Тек дұрыс қанаттана білсе болғаны. Ол дегеніміз «Бұлақ көрсең көзін аш», демекші сол талапты да талантты балаларды тани білетін әке-шешеден бөлек бапкерлерге үлкен жауапкершлік артылады. Көп ішінен талантты баланы суырып алып қанатын қамдап, үлкен биікке самғап ұшуына бағыт берер білікті бапкерлер көбінесе дарынды жастарға арналған мектеп ошақтарында спорт мектептерінде болады.

    Бүгінгі біздің әңгіме арнасы көптеген талантты жастардың қанатын қомдап, үлкен спортқа ұшырып шығарып жатқан  Алматы қаласының маңындағы «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне арналмақ. Бұл спорт мектебінің іргетасы 2007 жылы қаланғалы бері әлем, Азия жарыстарында жүлде салған көптеген спортышалрдың қатары толыға түсуде. Мысалы, жүзуден рекорд жаңартқан Азия ойындары мен әлем чемпионы Эльмира Айғалиева мен бокстан әлем чемпиондары есімдерге елге танылған Жәнібек Әлімханұлы мен Назым Қызайбайлар айтулы мектептің түлектері.

    Қазіргі таңда спорттың 14 түрінен 440 оқушы біліммен спортты қосақтап шыңдалуда. Қазір айтулы спорт мектебінде тәлім алып жатқан таланттардың жетіп жатқан жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. Мысалы, Ақтау каласында биылғы жылдың 11-17 шілде  аралығында қыздар боксынан жастар және жасөспірім арасында Қазақстан чемпионаты болып өткен еді. Сол сында мектептің атынан 15 қыз қатысып, 4 алтын, 7 күміс, 4 қола медальмен оралған. Ал, чемпионаттың ең үздік боксшысы Сейдіш Бақыт атанса, Бурабай Меруерт Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындап, мектептің мерейін өсірген. Алтын жүлдені Меруерт Бурабай, Әйгерім Қабдолда, Аружан Жаңабаева, Бақыт Сейдіш жеңіп алса, күміс жүлдені Шахназ Тайыржанова, Аруза Балғабек, Аруза Балғабек, Ұлдана Таубай, Ақжан Түркістанова, Шұғыла Рысбек, Үміт Әбілқайыр, Панар Сейітханкызының мойындарына тағылған. Ал, жүлделі үшінші орынды Анар Сәлімбай, Мәдина Манатқызы, Лия Абдуллаева мен Нұрсұлу Сүйеналы сынды гүрзі жұдырықты былғары қолғап шеберлері ие болған екен. Былайша айтқанда, қыздар арасында өткен ел біріншілігіне тігілген жүлденің басым бөлігін айтулы бір ғана спорт мектебінің былғары қолғап киген талантты қыздары жиып алып қайтса керек. Сонымен қатар, биылғы жылдың 2-10 тамыз аралығында Бахрейн мемлекетінің Манама қаласында еркін күрестен жалауын көтерген U-20 жастар арасындағы Азия чемпионатында 125 кг салмақ дәрежесінде белдескен балуанымыз Бекзат Тәжі қола жүлдегер атанса, 16 тамыз күні Болгарияның астанасы София қаласында еркін күрестен жастар арасында (U20) өткен кезекті әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына Мерей Базарбаев 57 кило салмақта финалға шығып, күміс медаль иеленді. Мерейдің күміс медалі осы әлем чемпионатындағы еркін күрес шеберлері алған жалғыз жүлде болғаныны баса айтамыз. Ал, сол жүлде осы мектептің ұжымы, директоры Медет Торғайұлы, еркін күрес жаттықтырушылары мен бас бапкері Ролан Кешубаевтың жұмыла жұмыс жасап төккен терлерінің жемісі екенін айтпасқа болмас. Жеңіс – тынбай жасаған жаттығулар мен табанды еңбеңтің арқасында келеді. Сонымен қатар, қамқорлық пен жағдай жақсы қарастырылған жерде табыста көп күттірмейді. Ендеше, дарынды жастарды тобымен шығарып жатқан чемпиондар ұстаханасы атанған мектеп ұжымы мен ел намысы үшін табысты өнерлерімен мектеп мақтаныштарына айналған споршыларға алдағы уақытта да биіктен көрінулеріне тілекшіміз.

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

     

    Бір пікір

    1. Виктор

      Пусть будет так. Профессиональная студия дизайна интерьеров специализируется на создании дизайн-проектов квартир различного уровня сложности и стилистической направленности. Имеющийся опыт дает возможность создавать гармоничные, яркие, уютные и действительно удобные в повседневной жизни интерьеры. Помимо этого, студия выполняет ремонт квартир любой сложности под ключ качественными премиальными материалами. 3D-визуализация позволяет точно согласовать с заказчиком его планы и предпочтения. У нас в студии https://www.panram.ru/partners/news/dizayn-interera-kvartir-ot-idei-do-voploshcheniya/ работают только талантливые дизайнеры, которые Ваши мечты воплотят в интерьере.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *