Алматыда 10 қыркүйек күні қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдамстыруымен «Медеу» спорт кешенінде кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегі алдында отандасымызды қолдауға арналған акция өтеді.
«Медеу» спорт кешенінің директоры Николай Гребневтің айтуынша, акция Головкин мен Альварестің трилогиясының алдында, яғни айқасқа бір апта қалғанда өткізіледі. Головкин көп уақыттан бері еліміздің көк байрағын көкке көтеріп, әнұранымызды шырқатып келеді. Сондықтан алматылықтар мен қала қонақтарына отандасымызды қолдау үшін осындай отансүйгіштік іс-шараны өткізу қолға алынды.
Бұл акцияны «Медеу» спорт кешенінде өткізетін себебіміз, биыл атақты мұз айдынына 50 жыл толады. Қазір мұз айдынын бүкіл жер-жүзі біледі. Ол дүниежүзіне Головкин сияқты кеңінен танымал. Сол себепті біз отансымыздың «Канеломен» жекпе-жегі алдында оған осы жерде қолдау көрсету акциясын ұйымдастыруды жөн көріп отырмыз, – деді ол.
Оның айтуынша, акция Головкинге моральдық тұрғыда үлкен қолдау болады. Осы қолдауды сезінген соң ол міндетті түрде мексикалықты жеңеді.
Ерзат СЕРҒАЗИН,
журналист
АЛМАТЫ