• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада үстел теннисінен «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді

    Желтоқсанның 14-17 аралығында Астананың «Дәулет» спорт кешенінде үстел теннисінен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирі өтеді. Осыған байланысты бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне  баспасөз мәслихаты  өтті.

    БАҚ өкілдерінің басын қосқан шараға Үстел теннисі федерациясының бас хатшысы Серік Қасқабасов, Мәдениет және спорт министрілігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев пен әлемдік «World Tour Grand Finals» турнирінің ұйымдастыру комитетінің өкілі Бақытбек Хамит қатысты.

    Жиында бірінші болып сөз алған Серік Қасқабасов алдағы өтетін халықаралық турнирдің маңызына тоқталды.

    — Үстел теннисі бойынша әлемдегі ең ірі жарыстардың бірі саналатын «World Tour Grand Finals» турнирі деңгейі жағынан Олимпиада мен әлем чемпионатынан кейінгі орында тұр. Оған әлемдік рейтинг бойынша көш бастап тұрған үздік 16 теннисші ғана (ерлер мен әйелдер) қатысады. Сонымен қатар, жұптық сайыста әлемдік турдың он екі кезеңінде жоғары ұпай жинаған спортшыларға жолдама беріледі. Астанаға келетіндердің арасында 5 Олимпиада чемпионы, 9 әлем чемпионы атағына ие болған спортшылар бар, — деді Серік Сейітұлы.

    «World Tour Grand Finals» турнирі  биылғы жылы өткен 12 кезеңнің қорытынды жарысы болмақ. Бұған дейінгі кезеңдер Будапешт (Венгрия), Нью-Дели (Үндістан), Инчхон (Оңтүстік Корея), Панагюриште (Болгария), Оломоуц (Чехия), Стокгольм (Швеция), Доха (Катар), Токио (Жапония), Чэнду (Қытай), Брисбен (Австралия), Линц (Австрия) және  Магдебург  (Германия) қалаларында өтті.

    Астанадағы турнирді  әлемнің 122 елінің телеарналары көрсетеді. Барлық телеарналардың аудиториясы — 800 млн. адам.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *