• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жалғас Жұмағұлов соңғы жекпе-жектен кейін UFC-ден кететінін жариялады

    ММА шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) төрешілердің кезекті даулы шешіміне жауап ретінде видео жариялады.

    «Жекпе-жекті бәріңіз көрдіңіздер, не айтайын? Айтатын ештеңе жоқ. Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Маған жанкүйер болғандарыңыз үшін рахмет. Енді айқасқым келмейді. Нешінші рет айқастым – төрешілер маған бермейді. Барымды салып еңбектеніп жатырмын. Алайда нәтиже осындай. Мен мұны эмоцияға салынып айтып тұрғаным жоқ. Маған жанкүйерлік еткендеріңізге рахмет», — деді Жұмағұлов.

    Жалғас Жұмағұлов америкалық спортшы Чарльз Джонсонмен (12-3) жекпе-жек өткізіп, төрешілердің әртүрлі шешімімен жеңілді. ММА-дағы көптеген сарапшы төрешілер қазақстандық спортшыға кезекті рет әділетсіздік танытты деп есептейді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Бір пікір

    1. Татьяна

      Спасибо за достоверную информацию. Ресурсов много, где можно загружать рингтоны, но мне нравится этот сайт скачать рингтон , все бесплатно и без рекламы

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *