Футболдан Франция ұлтттық құрамасының шабуылшысы, «Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақатына байланысты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.
19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда, шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Содан кейін ол Доха қаласындағы емханаға барып, тексерістен өткенде оның сан бұлшық етінен жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, енді футболшының қатарға қосылуына үш апта керек.
Осы жағдайдан кейін Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Бенземаның әлем чемпионатына қатыспайтынын растады. Ол Бенземаның жарақат алғанына қарамастан, командаға толық сенетінін айтты.
Барлық қиындықтарды жең
іп, сәтті өнер көрсету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, — деді Дешам.
Әлем чемпионаты 20 қараша басталып, 18 желтоқсанда аяқталады. Франция құрамасы D тобында Дания, Тунис және Австралия командаларымен ойнайды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА