• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада: Қазақстан хоккейшілері жартылай финалда Канадамен ойнайды

    Қысқы универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы жартылай финалда Канадамен кездеседі.

    Қазақстан хоккейшілері В тобында Оңтүстік Корея, Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ командарымен сынға түсті.

    Топтық кезеңде ел құрамасы Оңтүстік Кореяны  5:1, Венгрияны 9:1, Ұлыбританияны 15:1, Словакияны 4:0 есебімен жеңіп, АҚШ құрамасына 1:4 есебімен есе жіберді.

    Осылайша өз тобында 12 ұпаймен екінші орын алды. Бірінші орынды дәл сондай ұпай жинаған АҚШ құрамасы иеленді.

    Жартылай финал 21 қаңтарда болады. Финал мен үшінші орын үшін ойындар 22 қаңтарға белгіленген.

    Шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *