• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшылық құрамы сайланды

    Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. 6 ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.

    Республикалық «Бәйге федерациясы» РҚБ президенті болып «Kusto Group PTE Ltd.» директоралар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі Қанат Көпбаев сайланды.

    Қазақстанның құрметті құрылысшысы, «BI Group» компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев «Көкпар» федерациясының президенті болды.

    «Alageum Electric» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ильясов «Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы қызметіне кірісті.

    «Аударыспақ» федерациясының басшысы болып «Atasu Group» компаниялар тобының негізін қалаушысы мен президенті, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы мен YPO Kazakhstan мүшесі Марат Жұман сайланды.

    Сонымен бірге«Eurasia Copper» директорлар кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі Айдос Мұқатаев «Садақ ату» федерациясының президенті қызметін қоса атқарады.

    «Теңге ілу» ұлттық спорт түрінің федерациясы» РҚБ президенті болып «AlemAgroHolding» ЖШС тең негізін қалаушысы Амангелді Әбдіқадыров сайланды.

    Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерациялар кіреді.

    Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *