• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Халықаралық бокс федерациясы қазақ боксшыларын тізімнен алып тастады

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингті жаңартып, Қазақстанның екі боксшысын тізімнен алып тастады.

    Бірінші ауыр салмақта оныншы орында тұрған Серік Мұсаділов үздік он бес боксшының қатарынан шығып қалды.

    Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов алтыншы орынын сақтап қалды.

    Тізімнің басында Ұлыбритания боксшысы Уильям Скалл тұрса, одан кейінгі сатыға ресейлік Владимир Шишкин мен АҚШ өкілі Калеб Плант жайғасқан.

    Чемпиондық атақ мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі. Орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов жетінші орынды сақтап қалды.

    Бұған дейін WBO Қамшыбек Қоңқабаевты рейтингтен алып тастаған болатын.

     

    Нұрдәулет КЕНЖЕБАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *