• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары таңдалды

    2026 жылы Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін Қысқы Олимпиялық ойындардың бойтұмары ақ және қоңыр түсті дулығалы ақкіс (ақ тышқан) болады.

    Бойтұмарлар жалпыхалықтық дауыс беру арқылы таңдалды. Оларды Италияның Катанзаро провинциясындағы мектеп оқушылары салған. Ақкістің бірі ақ пальтода, екіншісі қоңыр түсті. Бойтұмарларға жарияланған конкурста халықтың 53%-ы тышқандар салынған суретке дауыс берді. Екінші орын Эдельвейс гүліне бұйырды.

    Таңдауға Италияның 81 провинциясынан 681 сынып пен 82 мектептен барлығы 1600 өтінім қатысты.

    Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы Олимпиялық ойындары 2026 жылдың 6-22 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Паралимпиялық ойындар 6-15 наурыз аралығында өтеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *