• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сәпиев балуанға жасалған «қысымға» қатысты пікір білдірді

    Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев елден балуан Зелимхан Мусихановпен жанжалды ұмытуды сұрады.

    Осының алдында боксшы Аида Сатыбалдинова Сәпиевпен жанжалдан кейін Мусихановқа қысым жасалғанын, оның колледжден шығарылып жіберілгенін айтқан еді.

    Сәпиевтің өзі бұл туралы былай деді:

    Бұл туралы мен бірінші рет естіп отырмын. Оның отбасына қатысты ақпараттан да бейхабармын. Мен қандайда бір қысымға қарсымын. Елден осы әңгімені айта бермеуін сұраймын. Бұл оқиға өтті, кетті. Оны енді айта берейік. Спорт деген – эмоция.  Кез келген адам ашуға беріледі. Ал жас жігіттерге тек сәттілік тілеймін, — деді Серік Сәпиев.

    Еске сала кетсек, вatyrball ойыны (спорттан күрес пен баскетболдың аралас түрі, – ред.) кезінде Серік Сәпиев балуан Зелимхан Мусихановпен ұстасып қалған еді. Содан кейін екеуінің арасында төбелес бола жаздап, екеуі киім ауыстыратын бөлмеде қол алысып, бір-бірінен кешірім сұраған. Кейін Зелимхан Мусиханов пен оның жаттықтырушысы Александр Гольцман көпшіліктен кешірім сұрап, бейнежазба жариялады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *