• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдаманы сарапқа салады

    Шымкент қаласында 1-13 мамырда 16 жасқа дейінгілер арасында теннистен әлем чемпионатының іріктеу жарысы өтеді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

    Әлем чемпионатына жолдама үшін қыздар арасында Қазақстан, Австралия, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Малайзия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам құрамалары кортқа шығады.

    Бозбалалар арасында Қазақстан, Австралия, Малайзия, Пәкстан, Сингапур, Тайбэй, Гонконг, Үндістан, Индонезия, Иран, Жапония, Оңтүстік Корея, Жаңа Зеландия, Таиланд, Өзбекстан, Вьетнам командалары сынға түседі.

    Қазақстан намысын мына спортшылар қорғайды:

    Бозбалалар:

    1. Әмір Омарханов (Қарағанды)
    2. Заңғар Нұрланұлы (Түркістан).Үшінші бос орынға Дамир Жалғасбай (Алматы), Бақтияр Ерасыл (Астана) пен Артем Сидоров (Алматы) таласады.

    Қыздар:

    1. Іңкәр Дүйсебай (Алматы)
    2. Полина Слепцова (Алматы)
    3. Ариана Гогулина (Астана)
    4. Анастасия Крымкова (Тараз).

    Осылардың ішінен команда капитаны үшеуін таңдайды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *