• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

     Бокстан Қазақстан құрамасының алғашқы қарсыластары анықталды

    Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін әлем чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    Дүбірлі додада отандастарымыз 13 салмақта бақ сынайды.

    Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Асланбек Шымбергенов, Қамшыбек Қоңқабаев сынды белгілі спортшылар бар.

    48 келі. Санжар Тәшкенбай — Рабин Тхапа (Непал) / Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)

    51 келі. Сәкен Бибосынов — Луис Дельгадо (Эквадор) / Дипак Бхория (Үндістан)

    54 келі Махмұд Сабырхан — Довлет Муханов (Түрікменстан) / Иштван Сака (Венгрия)

    57 кг. Серік Теміржанов — Илие Аргату (Молдова) / Абдул Батили (Мали)

    60 келі. Талғат Сырымбетов — Сакда Руамтхам (Таиланд)

    63,5 келі. Санатәлі Төлтаев — Ахмад Штиви (Израиль)

    67 келі. Дулат Бекбауов — Сибонело Ндзиманде (Эсватини) — Андрей Мустет (Румыния)

    71 келі Асланбек Шымбергенов — Денис Нурья (Албания) / Аарон Принс (Тринидад және Тобаго)

    75 келі. Нұрқанат Райыс — Марсел Майнль (Австрия) / Дельгадо де лос Сантос (Доминикан Республикасы)

    80 келі. Нұрбек Оралбай — Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан) / Шаббос Негматуллоев (Тәжікстан)

    86 келі. Сағындық Тоғамбай — Мбели Нланду (Конго ДР)

    92 келі. Айбек Оралбай — Радослав Панталеев (Болгария)

    92 келіден жоғары. Қамшыбек Қоңқабаев — Алексей Дронов (Ресей).

    Әлем чемпионаты 1 және 14 мамыр аралығында өткізіледі. Финалдық кездесулер 13 және 14 мамырға белгіленген.

    Еске салсақ, әлем чемпионатында жеңімпаз атанған қазақстандық боксшыларға 200 мың доллардан беріледі.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *