• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бокстан әлем чемпионаты: Асыланбек Шымбергенов финалға шықты (ВИДЕО)

    Ташкентте ерлер арасында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құрама капитаны Асыланбек Шымбергенов финалға шықты.

    Азия чемпионы Асланбек Шымбергенов 71 келіге дейінгі салмақта үндістандық Дев Нишантпен қолғап түйістірді.

    Бірінші раундта бес төрешінің үшеуі қазақстандық боксшыға басымдықты берді. Екінші раундта, олан кейін үшінші раундта да ол басымдық танытты. Жекпе-жектің соңында Шымбергенов ұпай санымен жеңіске жетті.

    Бүгін Нұрбек Оралбай финалға шығу үшін таласады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *