• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Месси ПСЖ-дан кетеді — БАҚ

    Футболдан Аргентина ұлттық құраамсының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубымен келісімшартты  ұзартпайтын болып, футбол маусыымның соңында командадан кететінін ескертті.

    Бұл туралы әлеуметтік желіде инсайдер Фабрицио Романо айтты, деп хабарлады championat.com

    Инсайдердің айтуынша, футболшы мен ПСЖ клубының басшылығы бір келісімге келе алмаған.

    Бұған дейін де көп рет Мессидің Франция клубынан кететінін туралы айтылып келген еді. Енді мәселе түбегейлі шешілшен сияқты, — деді ол.

    Еске салсақ, Месси ПСЖ клубында 2021 жылдан бері ойнап келеді. Биылғы маусымда ол Францияның чемпионы атанды.

    27 мамырда Месси «Страсбургтің» қақпасына гол салғаннан кейін ПСЖ ойынды теі аяқтады. Тең ойын «Пари Сен-Жермен» жасағына чемпиондық атақты алды ала жеңіп алуға мүмкіндік берді.

    Қолда бар мәліметке қарағанда, енді ол «Барселона» клубына немесе  Сауд Арабиясының командаларының бірінде ойнауы мүмкін.

    Месси осы маусымда Франция чемпионатында 31 матчта 16 гол салып, 16 нәтижелі пас берді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *