• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    ФИФА The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады

    ФИФА 2023 жылдың үздік ойыншысы, жаттықтырушысы және қақпашысына берілетін The Best жүлдесіне үміткерлер тізімін жариялады. ФИФА-ның «Жыл ойыншысы» жүлдесі 12 ойыншы үмітті болып отыр. Олар — Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Бернарду Силва («Манчестер Сити»), Хвича Кварацхелия («Наполи»), Эрлинг Холланд («Манчестер Сити»), Хулиан Альварес («Манчестер Сити»), Илкай Гундоган («Барселона»), Родри («Манчестер Сити»), Лионель Месси («Интер Майами»), Виктор Осимхен («Наполи»), Килиан ...

    Read More »

    Сауапты турнир жалғасын тапты

    Бүгін бір жеңісті, жемісті әрі сауапты күн болды. ГРС пен Өтеген кентінде елге белгілі журналист Әлім Анапияновтың ұйымдастыруымен және тікелей қолдауымен шағын футболдан спорт ардагері Ахмед Давыдовты еске алуға арналған дәстүрлі жарыс болып өтті. Турнир ардагерлер арасында болғандықтан жасы 70-ке тақаған спорт ардагерлері алаңда бой көрсетіп, өрнекті ойындарымен көпшіліктің көңілінен шығып жатты. Күн ұзақ алаңда шүмектеп тер төккен ардагерлерге мың ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Ризабек Айтмұхан финалға шықты

    Сербияның Белград қаласында ересектер арасында күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші күні ел қоржынына алғашқы жүлде түсті. 86 кг салмақта сынға түскен Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін таласта Бахрейн балуанынан басым түсіп, жүлдемен қоса Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ал 92 кг салмақта күш сынасқан Ризабек Айтмұхан барлық қарсыластарын ұтып, финалға шықты. Жартылай финалда ол осы салмақтағы (92 кг) көшбасшының ...

    Read More »

    Қос аттың қорғанысы

    Алматы қаласында «Плаза» (AFD Plaza) қонақ үйінің «Т» клубында Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз мәслихаты болды. Қазақстан шахмат федерациясы ұйым тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңін белгілейтін ауқымды ребрединг туралы мәлімдеді. Кешенді трансформация аясында ҚШФ жаңартылған фирмалық стилі мен стратегиялық тұжырымдамасын, сондай-ақ қазақ мәдениетінің бай мұрасына құрмет көрсететін жаңа логотипті ұсынды. Біз брендті қайта қарастырып, оған жаңа мән-мағына беріп, оны жарқын әрі есте ...

    Read More »

    Күрестен ӘЧ: Азамат Дәулетбеков пен Өсімжан Дастанбек қола жүлдеге таласады

    Бүгін Сербияның астанасы – Белград қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Париж Олимпиадасының 90 жолдамасы сарапқа салынатын доданы еркін күрес шеберлері бастады. Алғашқы жарыс күні бозкілемге ұлттық құрама сапынан Өсімжан Дастанбек (61 кг), Санжар Досжанов (70 кг), Азамат Дәулетбеков пен аса ауыр салмақтағы Юсуп Батырмурзаев шықты. Былтырғы әлем ...

    Read More »

    Юрий Щукин: «Дэвис кубогында күтпеген нәтиже де болуы мүмкін»

    Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде 16-17 қыркүйекте Софияда өтетін матчқа орай Қазақстан және Болгария теннис құрамаларының капитандары өз ойларын ортаға салды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Команда капитаны Юрий Щукин қарсыласты бағалау керектігін атап өтті. Біз алдағы матчқа толықтай дайынбыз. Алдын ала келіп, корт пен осындағы жағдайға бейімделдік. Болгария құрамасы өз көшбасшысы Григор Димитровсыз ойнауы мүмкін. Соған қарамастан, құрамы күшті. Дэвис ...

    Read More »

    Өзбекстан құрамасы Азия кубогының финалына шықты

    Футболдан Өзбекстанның (U-23) Олимпиада құрамасы Азия кубогының финалына шықты. Өзбек футболшылары жартылай финалда Иран командасын 2:0 есебімен ұтты. Ташкенттегі «ЖАР» спорт кешенінде болды. Азия кубогы үшін турнирде Өзбекстанның 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамасы барлық қарсыластарынан жеңіп, іріктеу кезеңін 100 пайыздық нәтижемен аяқтады. Осылайша Өзбекстанның Олимпиада құрамасы келесі жылы Катарда өтетін 23 жасқа дейінгі Азия кубогының финалдық кезеңіне қатысады. Катарда өтетін ...

    Read More »

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

    Орта салмақта WBO белбеуінің иегері Жәнібек Әлімханұлы екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті жекпе-жекке шақырды. Ол ES News арнасына берген сұхбатында «Канелоны» бірінші раундта нокаутқа жіберіп, жеңетінін айтты. -Оның істеп жатқаны біздене қашудың амалы ғой, — деді Жәнібек Әлімханұлы. -Ол қорқа ма? -Иә, әрине, қорқады. Қорыққаннан кейін сондай әңгімелер айтады ғой. -Ертең бокстассаң не болады? -Оны қазір ...

    Read More »

    Теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогына дайындықты бастады

    Теннистен Қазақстан ұлттық құрама командасы 16-17 қыркүйекте София қаласында Болгария командасымен өтетін Дэвис кубогының плей-офф матчына дайындықты бастады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы. Қазір команда капитаны Юрий Щукиннің жетекшілігімен Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев пен Александр Недовесов жаттығып жатыр. Екі елдің құрама командалары Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде алғаш рет кездесетін болады. Осыған дейін Болгария командасы Дэвис кубогының ...

    Read More »

    Қазақстан Олимпиадаға 100-ге жуық лицензия алуды мақсат етіп отыр  

    Келесі жылы Францияның астанасы – Париж қаласында өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстанның құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Туризм және спорт министрлігі Қазақстан командасын Париж Олимпиадасына дайындау үшін ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрды. Сондай-ақ, жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің ...

    Read More »