• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    FIG ALEM CUP: Астанаға көркем гимнасшылар жиналды

    Ұзақ жылдардан кейін көркем гимнастикадан Астана қаласы FIG дәрежесіндегі турнирді қабылдады, деп хабарлады Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы. Әлемдік күнтізбеге енген халықаралық турнирде отандық спортшылардан бөлек, Оңтүстік Корея,  Қырғызстан, Әзербайжан, және бейтарап елдің көркем гимнасшылары да келді. Халықаралық көркем гимнастика федерациясының жарысын қабылдау талаптары жоғары. Біріншіден, спорт кешенінің биіктігі, жарығы, 3 мың адам сиятын орындығы т.б бірнеше көрсеткішке ...

    Read More »

    Нұрқанат Серікбаев — дзюдодан Grand Slam турнирінің жеңімпазы! (ВИДЕО)

    Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев дзюдодан Тблисиде өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол Израиль спортшысы Ям Уолцакты жеңді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 60 келіге дейінгі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев жарыста бес рет татамиге шығып, бесеуін де жеңіспен аяқтады. Іріктеу кезеңінде ол Джохан Рожас (Колумбия), Иехонатан Векслер (Израиль) мен Дильшот Халматовтан (Украина) басым түсті. ...

    Read More »

    EURO-2024: Бақтиярдың көз жасы (ВИДЕО)

    Көзінде от, бойында намыс, мінез қайрат, жігері жоқ командамен қандай жеңіске жетесің айтшы ағайын! Бәрі қорқып ойнап ұйықтап жүр. Тіпті допты алғанда не істерін білмей сасып қайда болса сонда тебе салады. Ол нені білдіреді? Ол жоғарыда айтқанменмен қатар шеберліктің саяз екенін әйтеуір ойнап шықсақ деген тойынған жанның кейпін білдіреді. Ал, соңғы 30 жылға келсек, Назарбаевтың режимі футбол ғана емес барлық ...

    Read More »

    EURO-2024: Қазақстан құрамасы Грекиядан ірі есеппен жеңілді

    Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуінің плей-офф кезеңінде Грекияға құрамасынан 0:5 есебімен жеңілді. Грекия – Қазақстан – 5:0 (4:0) Голдар: Бакасетас 9 (пенальти), Пелкас 15, Иоаннидис 37, Курбелис 40, Тапалов 85 (автогол) Ескертулер: Хацидиакос 30 – Вороговский 17, Садыбеков 55, Оразов 66, Ерланов 69 Грекия: Влаходимос (қ), Болдок (Рота 67), Хацидиакос (Ретсос 46), Мавропанос, Цимикас, Бакасетас (Бухалакис 75), Курбелис, Мандалос, Масурас, Пелкас (Якумакис 63), Иоаннидис (Константелиас 63); Қосалқы құрам: Пасхалакис (қ), Диудис (қ), Цавелас, Сиопис, Хацигиованис, Цолис, Павлидис; Бас ...

    Read More »

    Астанада жаңа дзюдо орталығы ашылды

    Астананың жаңа «Нұра» ауданында Kodokan Spirit атты көп қызметті спорт кешенінің ашылу салтанаты болды. Бұқаралық  спортты дамыту және жас  ұрпақты саламатты өмір салтына баулу мақсатында елімізде екінші Kodokan Spirit көп қызметті спорт кешені іске қосылды. Бұған дейін алғашқы орталық 2021 жылы Орал қаласында ашылған болатын. Аумағы 1200 шаршы метр болатын ғимаратта бір мезетте 1000-ға жуық жас спортшылар дзюдомен айналыса алады. ...

    Read More »

    Бірге тоғыз: Грекия – Қазақстан матчындағы жеңісімізге коэффициент

    Olimpbet С тобына алып баратын плей-офф ойындарына арналған талдауды жариялайды. Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы аса маңызды ойынды өткізеді. Ал Грузияға қонаққа барған Люксембург жасыл алаңда шыңдалғанын дәлелдеуі керек. Еуро 2024. Іріктеу. Плей-офф матчтары. С жолы. Грекия — Қазақстан. 22 наурыз, 00:45 (Астана уақытымен) Германия футбол алаңдарында өтетін Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің басталуына үш айдан аз уақыт қалды. Десе де, әзірге ...

    Read More »

    Гагарин кубогының фавориті күйреу алдында тұр

    21 наурызда «Автомобилист» пен «СКА» арасындағы текетірес Екатеринбургте жалғасса, Мәскеуде «Спартак» пен «Магнитогорск металлургтері» кездеседі. Қазақстандағы №1 букмекерлік кеңсе бұл кездесулерге қандай болжам жасады? «Автомобилист» (Екатеринбург) – СКА (Санкт-Петербург). 21 наурыз, 19:00 (Астана уақыты бойынша) «Автомобилистен» жеңіліп қалған питерлік «әскери команданың» өз алаңында алғаш рет қапы қалғанын қарсыласты бағаламауымен, жағдайдың шиеленісіп кетуімен немесе СКА үшін сәтсіздікпен байланыстыруға болады. Десе де ...

    Read More »

    Олимпиадаға 26 жолдама бар

    Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия. Ал ...

    Read More »

    Америкалық ковбойлар Көшпенділер ойындарына қатысады

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев әйгілі америкалық ковбой Кейси Филд пен көкпардан АҚШ құрамасының капитаны Лэдд Хоуэлл бастаған АҚШ делегациясымен кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде  тараптар ат спорты түрлерін дамытуды, екі елде көкпар мен америкалық родеоны кеңінен насихаттауды, сондай-ақ биыл елімізде өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын талқылады. Америкалықтар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының көкпар жарысына қатысқысы келетіндерін ...

    Read More »

    Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының кері санақ тақтасы іске қосылады

    Ертең V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 171 күн қалғанда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында жарысқа қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасы ресми түрде іске қосылады. Асық пішінінде жасалған таблоның биіктігі 2 метр. Салтанатты іс-шараға Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қалысының әкімі Жеңіс Қасымбек, Түркиядан арнайы келген Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл ...

    Read More »