• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Гимнасшы Елжаңа Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медаль алып, Олимпиаданың жолдамасын иеленді. Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды. Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады. Енді Қазақстан спортшыларында Париж Олимпиадасының 50 жолдамасы бар. Олар спорттың 17 түрінен лицензияны жеңіп алды. Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасында ел намысын Алина Әділханова, оған дейін 2016 ...

    Read More »

    Шабытыма шабыт қосқан «Шалқар» радиосы (ФОТО, ВИДЕО)

    Кеше қазақтың үні «Шалқар» радиосында қонақта болып қайттым. «Шалқар» радиосының күміс көмей, үні дара, сөзі орамды жүргізушісі Гүлбану Алпамысқызының шақырумен барып, жуырда ғана жарық көрген «Қазақ күресінің қара нарлары» атты жарыққа шыққан кітабыма қатысты терең мағыналы, мәнді сұхбат болды. Дауысымызды үн таспаға жазған, өз саласының майталман маманы Сәбетхан Мейірханұлы бауырымыздың ақжарқын көңіліне қатты риза болдым. Аты Алашқа мәлім дауысы дара ...

    Read More »

    Роналдо «Крузейро» клубын сатты

    Бразилия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдо (Роналду Луис Назариу ди Лима) «Крузейро» футбол клубының бақылау пакетін сатты. Marca-ның хабарлауынша, клуб акцияларының 90 пайызы үшін Роналдо 109 миллион еуро алды. Менің мақсатым орындалды. Мен «Крузейро» футбол клубының қаржыдан тапшылық көрмеуі үшін басқа адамға сатуды ойластырып жүрген едім, – деді ол. Роналдо ең алғаш футболдағы мансабын «Крузейрода» бастаған. Ол соңғы 3 жыл бойы клубтың қожайыны болды. ...

    Read More »

    Нысана көздеуден ұлттық құрама Әлем кубогының финалына шықты

    Әзербайжанның астанасы – Баку қаласында нысына көздеуден Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Жарыстың алғашқы күні іріктеу нәтижесінде (10 метр, тапанша) Қазақстан-2 құрамасы жақсы нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды. Эльдар Иманкулов пен Валерия Попелова сайыс кезінде 578 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Енді бүгін олар Түркия құрамасының мергендері Симал Йылмаз бен Исмаил Келеспен алтын жүлдені ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан қола жүлдегер атанды

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы — Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлады olympic.kz. Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Құраманың спортшылары бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді. Қазақстан командасы 5 шығыршық жаттығуы үшін 32.05 ұпай алса, 2 доп, 3 таспа жаттығуында 29.25 ұпайға ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы финалға шықты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында көркем гимнастикадан өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында  Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы екі жаттығуда финалға шықты, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Бұл додада Қазақстан намысын 8 спортшы қорғап жатыр. Іріктеудің алғашқы күні сынға түскен отандасымыз Елжаңа Таниева доп және шығыршықпен жаттығуда 68.15 ұпаймен көш бастады. Дәл осы жарыста Айбота Ертайқызы (65.15 ұпай) үшінші орынға табан тіреді. ...

    Read More »

    Спортшылардың Олимпиададағы ас мәзірі белгілі болды

    Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауылда спортшылардың ас мәзірі туралы мәлімет берді. Комитет 26 шілде мен 11 тамыз аралығында спортшылар мен шенеуніктерге 500 тағам түрі ұсынылатынын хабарлады. 12 шілдеде Олимпиялық ауылдағы 3 500 орынға арналған асхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Мәзірге француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар беріледі. Күн сайын спортшыларға 40-тан 120-ға дейін танымал әлемдік тағамдар ұсынылады. ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады olympic.kz Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады. Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.  Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі. Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады. Лицензия ...

    Read More »

    Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

    Қазақстан дзюдо федерациясы Астанада 10-12 мамыр аралығында өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam әлемдік жарысына қатысатын спортшылардың тізімін жариялады. Олимпиадалық рейтингте ұпай беретін бұл жарыста Қазақстан намысын ұлттық құрама көшбасшыларымен бірге жас спортшылар да қорғайды. Ерлер құрамасында Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин, Шерзод Давлатов, Дәурен Сүйікенов (-60 кг), Есет Қуанов, Ғұсман Кырғызбаев, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Жанарыс Рахметқали (-66 кг), Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, ...

    Read More »

    Министрлікке қысқы спорт түрлерінен командалар есеп беріп жатыр

    Астана қаласында қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушыларының 2023-2024 жылғы қысқы маусымды қорытындылап, алдағы маусымға дайындықты пысықтауға арналған есеп беру кездесулері болып жатыр, деп хабарлады ТСМ Спортты дамыту дирекциясы. Ұлттық шаңғышылар қауымдастығы өкілдері мен мемлекеттік жаттықтырушылар Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Азамат Имашев пен Спортты дамыту дирекциясының өкілдеріне есеп берді. Атап ...

    Read More »