• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Author Archives: admin

    Министр волейболдан ұлттық құраманы сынға алды

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев волейбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері волейболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы жарыстарға дайындық жоспарын таныстырды. Қазақстанда волейбол бұқаралық спорт түрі ретінде кең қанат жайып келеді. Бүгінде еліміз бойынша 14 мың волейбол секциясы жұмыс істейді. Онда 600 мыңнан астам бала спорттың осы түрімен тұрақты шұғылданады. Волейболдан Қазақстан ұлттық ...

    Read More »

    Кореяның елшісі министрге Олимпиада бойтұмарын сыйлады

    Астанада Олимпиадаға дайындық жөніндегі штабтың жұмысы жалғасып жатыр. Канвондағы жастар арасындағы қысқы Олимпиада қарсаңында штаб кеңсесінде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Корея Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжо Тэ-Ик кездесті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кореяның елшісі Қазақстанмен туризм және спорт саласында өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді. Кездесуде екі елдің өкілдері Ойындарды талқылап, осы ...

    Read More »

    Стенд атудан Азия чемпионатына қатысатын құрама анықталды

    12-22 қаңтар аралығында стенд атудан Азия чемпионаты болады. Онда Париж Олимпиадасына берілетін 8 жолдама үлестіріледі. Чемпионат лицензиялық жарыс болған соң, оған көп мемлекет қатысуға ниет білдіріп отыр. Туризм және спорт министрілгінің мәліметіне қарағанда, биылғы додаға 40 елден 500-ге жуық спортшы қатысады. Ал Қазақстанның намысын жарыста 18 мерген қорғайды.Олардың арасында жазғы Азия ойындары, Әлем кубогында үздік нәтиже жүрген Әсем Орынбай, Зоя ...

    Read More »

    «Пари Сен-Жермен» Мбаппеге қатысты мәлімдеме жасады

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы ұлттық құраманың шабуылшысы Киллиан Мбаппені басқа командаға ауысуына қатысты мәлімдеме жасады. Клубтың президенті Нассер Әл-Хелаифи форвардты «ПСЖ» құрамында қалдырығысы келетінін айтты. Мен Килианның клубымызда қалғанын қалаймын. Оны ешқайда жібіргім келмейді. Ол әлемдегі ең мықты ойыншы. Менің ойымша, Килиан үшін «ПСЖ» командасынан артық клуб жоқ. Мбаппе үшін ең жақсы клуб — ол біздің командамыз. Мен оған сенімін. Одан ...

    Read More »

    Енді легионерлерге шектеу алынып тасталады – ҚФФ президенті (ВИДЕО)

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов шетел легионерлеріне қатысты мәлімдеме жасады. Ол биылдан бастап футболда шетел легионерлеріне қойылатын шектеудің алынып тасталатынын айтып, оның тиімді, яғни қазақ футболына пайдалы жағын түсіндіріп берді. Соңғы он бес жылда легионерлердің үлесіне байланысты түрлі эксперимент болды. Алайда ол ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже бермеді. Оны өздеріңіз де көріп, жақсы біліп отырсыздар. Сондықтан біз соңғы екі жылда ...

    Read More »

    Бокстан ұлттық құрама лицензиялық турнирге дайындалып жатыр

    Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтетін  лицензиялық турнирге дайындығын бастап кетті. Бұл жарыста жеңімпаз атанғандар Олимпиадаға лицензия алады. Қазір Алматыда турнирге дайындық болып жатыр. Боксшылар алдымен жалпы дене жаттығуын жасап, содан кейін арнайы физикалық дайындықты бастайды. Оқу-жаттығу жиынында Қазақстан құрамасы Иран және Әзербайжан спортшыларымен бірігіп жаттығады. Италиядағы лицензиялық турнир 29 ақпан мен 12 наурыз аралығында өтеді. Әзірше боксшыларда ...

    Read More »

    Бейбіт Жукаев Australian Open турнирін жеңіспен бастады

    Теннисші Бейбіт Жукаев Аустралия ашық чемпионатының іріктеу турнирін жеңіспен бастады. Ол іріктеу сайыстарының ширек финалында дүниежүзілік рейтингіде 511-орында тұрған аустралиялық Николас Кикермен кездесті. Бірінші партияда Жукаев қарсыласын 6:1 есебімен, екінші сетте 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға шықты. Матчта Қазақстан теннисшісі 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Мачтың өзі 1 сағат 18 минут болды. Енді Бейбіт Жукаев іріктеу турнирінің жартылай ...

    Read More »

    Жәмила Бақбергенова мен Эльмира Сыздықова ел чемпионатында белдеседі

    1-5 ақпан күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Онда Шымкент, Алматы, Астана қалалары мен 17 облыстың балуандары бақ сынайды. Ел чемпионатында бірінші және екінші орын алған балуандар Қырғыз елінде өтетін екі бірдей дүрмекті додада ел намысын қорғайды. Олар Олимпиаданың  іріктеу лицензиясы мен Азия чемпионатына барады. Қазақстан чемпионатында Жәмила ...

    Read More »

    Атақты футболшы Франц Беккенбауэр қайтыс болды (ВИДЕО)

    Германияның атақты футболшысы әрі жаттықтырушы, әлем чемпионы, үздік футболшыға берілетін «Алтын доп» сыйлығын екі рет алған  Франц Беккенбауэр 79 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Беккенбауэрдің денсаулығының нашарлап кеткені туралы ақпарат былтыр жазда шыға бастаған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 2015 жылы Стефан деген ұлы қайтыс болғаннан кейін экс-футболшының денсаулығы нашарлап, жүрегіне операция жасатқан. Одан кейін көз инфарктісі болып, Паркинсон ауруы мен ...

    Read More »

    Елімізге Ресей мен Қытайдан келетін туристер көбейді

    Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, өткен жылдың қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – 2022 жылғы көрсеткішке қарағанда 225 мың адамға көп. Яғни, өсім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37%-ға артқан. 2022 жылы елімізге 609,8 мың шетелдік келген. Статистикаға қарағанда, елімізге саяхаттайтын шетелдік туристер жыл санап артып келеді. Мәселен, Қазақстанға жақын көршілерімізден бөлек, мұхиттың арғы ...

    Read More »