• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Ұлттық Олимпиадалық комитет

    Әбиба Абужақынова әлем рейтингінде екінші орынға шықты

    Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Мажарстанның астанасы — Будапешт өткен әлем чемпионатынан кейін дзюдошылардың әлемдік рейтингін жаңартты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    Дүниежүзілік ұйымның рейтингіне сәйкес, үш отандасымыз өз салмағында ТОП-10 палуанның қатарына қосылып отыр. Мәселен, отандық дзюдо тарихында әйелдер арасында алғаш рет финалда белдесіп, күміс жүлдегер атанған Әбиба Абужақынова (48 кг) рейтингте екі сатыға жоғарылап, 5662 ұпаймен екінші орынға жайғасты.

    Ерлер арасында Париж Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Елдос Сметов (9-орын) биыл татамиге шықпаса да, әлі де жер-жүзінің ең үздік 10 дзюдошының қатарында тұр. Сондай-ақ Париж Олимпиадасының қола, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев әлемдік додадағы нәтижесіне байланысты рейтингте 7 саты көтеріліп, ТОП-10 палуанның қатарына қосылды, — делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, 60 кг салмақтағы Мағжан Шамшадин 19-орынға көтерілсе, Абылайхан Жұбаназар (81 кг) мен Нұрлыхан Шархан (100 кг) рейтингтегі орындарын сақтап қалды.

    Абылайхан 14-орында, Нұрлыхан 26-орында тұр. Әлем чемпионатында 90 келіде белдескен Мейірлан Максим бірден 36 саты көтеріліп, 41-орынға жоғарылады. Ол дүрмекті доданың 1/8 финалында төрт дүркін әлем чемпионы (үшеуі командалық сайыста) жапониялық Гоки Тадзимадан жеңіліп қалған.

    100 келіден жоғары салмақта белдесетін Ерасыл Қажыбаев та әлем чемпионатынан кейін жағдайын жақсартып алды. Рейтингте 7 сатыға жоғарылап, ТОП-20 дзюдошының қатарына қосылды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *