• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Daily Archives: 03.05.2023

    Бокс: чемпионатта бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды (ВИДЕО)

    Өзбекстанның астанасында ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде бір қазақстандық жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 54, 60, 67, 71 келіге дейінгі салмақтардағы атлеттер өзара күш сынасты. Шайқастар күндізгі және кешкі сессиялар болып, екіге бөлініп өткізілді. Күндізгі сессия 14:00-17:00 сағат аралығында, кешкі сессия 18:00-21:30 сағат аралығында шаршы алаңды шайқады. Бізден 60 келіге дейінгі салмақтағы Талғат Сырымбетов қана рингке шықты. ...

    Read More »

    Дзюдо: республикалық турнирдің екінші күні

    Бүгін, 3 мамыр күні Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы спорт кешенінде дзюдодан 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында BASQUDYQ-JUDO OPEN CUP І республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа Шымкент қаласы мен Маңғыстау, Атырау облыстары атынан және өздерінің ынта білдіруімен жалпы жиырма төрт команда қатысып, 300-ден астам татами шеберлері бақ сынады. Екінші жарыс күні мына мықтылар жеңімпаз және ...

    Read More »

    «Пари Сен-Жермен» клубы Мессиге ескерту жасады

    Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси «Пари Сен-Жермен» клубының басшылығын ескертпей, өз еркімен Сауд Арабясына барғаны үшін екі аптаға ойындардан шеттетілді. Сонымен бірге Месси жаттығулардан шеттетіліп, екі жұмаға төленетін айлығынан айырылды. Енді аргентиналық футболист Франция чемпионатындағы «Труа» (7 мамыр) мен «Аяччо» (13 мамыр) командаларына қарсы ойынға қатыспайды. Қазір Месси 35 жаста. Ол  « ПСЖ» клубына келгелі бері 37 матч өткізіп, 20 гол салып, ...

    Read More »

    Ұлттар лигасының топтық кезеңінің жеребесі тартылды

    Әйелдер құрамалары арасындағы 2023/24 жылғы УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы «С» лигасының 4-тобына түсті. Онда Қазақстан командасы Израиль, Эстония және Армения құрамаларымен кездеседі. УЕФА Ұлттар лигасының матчтары 20 қыркүйекте басталып, 5 желтоқсанға дейін жалғасады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Қазақ-өзбек жекпе-жегі: Сағындық Тоғамбай Шохжахон Абдуллаев қолғап түйістіреді

    Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Өзбекстан боксшыларының алғашқы жекпе-жегі болады. Кеше қарсыласын нокаутпен жеңген 86 келі салмақта Сағындық Тоғамбай 1/8 финалда шаршы алаңның иесі, Өзбекстанның чемпионы Шохжахон Абдуллаевпен жұдырықтасады. Өзбекстанның өкілі кәсіпқойда өнер көрестеді. Ол — жастар арасындағы Азия чемпионы. Абдуллаев әлем чемпионатының бірінші кездесуінде қырғызстандық Еркин Адылбековтен басым түсті.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »